"Аудан, қала, ауылдық округтерінің әкімі аппараттарының және Талас ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 294 қаулысының күшін жою туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 293 қаулысы. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 1 қыркүйекте № 4713 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27 бабына сәйкес, Талас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Аудан, қала, ауылдық округтерінің әкімі аппараттарының және Талас ауданының жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілеріне қызметтік куәлік беру Қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы" Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 294 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3583 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылдың 22 қарашасында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Талас ауданы әкімі аппараты заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны Талас ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Талас ауданы әкімі аппаратының басшысы Махсат Сабырғалиұлы Рысбаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Талас ауданының әкімі Б. Казанбасов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады