Қарағанды қаласының Ленин көшесін Абай көшесі деп қайта атау туралы

Қарағанды облысының әкімдігінің 2020 жылғы 17 қыркүйектегі № 62/01 бірлескен қаулысы және Қарағанды облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № 565 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 қыркүйекте № 6049 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" заңдарына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихатының 2020 жылғы 13 қаңтардағы көпшілік тыңдаулар қорытындысы туралы хаттамасы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 6 тамыздағы қорытындысы негізінде Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қарағанды облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қарағанды қаласының Ленин көшесі Абай көшесі деп қайта аталсын.

      2. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімінің орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына және Қарағанды облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы Қарағанды облысы әкімдігінің және Қарағанды облыстық мәслихатының бірлескен қаулысы және шешімі алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Ж. Қасымбек
      Сессия төрағасы А. Калыков
      Облыстық мәслихат хатшысы С. Утешов

О переименовании улицы Ленина города Караганды на улицу Абая

Совместное постановление акимата Карагандинской области от 17 сентября 2020 года № 62/01 и решение Карагандинского областного маслихата от 21 сентября 2020 года № 565. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 28 сентября 2020 года № 6049

      В соответствии с законами Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", на основании протокола о результатах публичных слушаний Карагандинского городского маслихата от 13 января 2020 года и заключения Республиканской ономастической комиссии при Правительстве Республики Казахстан от 6 августа 2020 года акимат Карагандинской области ПОСТАНОВЛЯЕТ и Карагандинский областной маслихат РЕШИЛ:

      1. Переименовать улицу Ленина города Караганды на улицу Абая.

      2. Контроль за исполнением настоящего совместного постановления акимата Карагандинской области и решения Карагандинского областного маслихата возложить на курирующего заместителя акима Карагандинской области и постоянную комиссию Карагандинского областного маслихата по вопросам социально-культурного развития и социальной защите населения.

      3. Настоящее совместное постановление акимата Карагандинской области и решение Карагандинского областного маслихата вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня их первого официального опубликования.

      Аким Карагандинской области Ж. Қасымбек
      Председатель сессии А. Калыков
      Секретарь областного маслихата С. Утешов