Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және Қаражал қаласы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Қаражал қаласының әкімдігінің 2020 жылғы 15 қаңтардағы № 5 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 24 қаңтарда № 5689 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласының әкімдігінің 2021 жылғы 8 ақпандағы № 12 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Қаражал қаласының әкімдігінің 08.02.2021 № 12 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7), 8), 9) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) сәйкес, Қаражал қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жұмыс орындарының квотасы:

      1) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 1 қосымшаға сәйкес;

      2) Қаражал қаласы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Қаражал қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 21 ақпандағы № 36 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және Қаражал қаласы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5206 болып тіркелген, 2019 жылғы 2 наурыздағы № 9 (944 ) "Қазыңалы өңір" газетінде, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылғы 7 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қаражал қаласы әкімінің орынбасары Д. Джакуповқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қаражал қаласының әкімі Т. Досаев

  Қаражал қаласының
әкімі
2020 жылғы 15 қаңтары
№ 5
1 қосымша

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі қызметкерлердің тізімдік санынан (%)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының саны (бірлік)

1.

"Өркен-Атасу" Өкілдігінің "Өркен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

997

0,1

1

2.

"Қаражал қаласының әкімиятының Қалалық коммуналдық шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

98

1

1

3.

Жәйрем кенті әкімінің аппаратының "Жәйрем Болашақ" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

44

3

1

  Қаражал қаласының
әкімі
2020 жылғы 15 қаңтары
№ 5
2 қосымша

Қаражал қаласы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасы белгіленетін ұйымдардың тізімі

Ұйымның атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі қызметкерлердің тізімдік санынан (%)

Қаражал қаласы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының саны (бірлік)

1.

"Өркен-Атасу" Өкілдігінің "Өркен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

997

0,1

1

2.

"Қаражал қаласының әкімиятының Қалалық коммуналдық шаруашылығы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

98

1

1

3.

Жәйрем кенті әкімінің аппаратының "Жәйрем Болашақ" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

44

3

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады