Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы 30 сессиясының № 30/310 "Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерту енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданының мәслихатының 2020 жылғы 24 маусымдағы № 65/696 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 25 маусымда № 5908 болып тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 15/147 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай аудандық мәслихатының 26.12.2023 № 15/147 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Абай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 12 маусымдағы 30 сессиясының № 30/310 "Абай ауданынының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2674 болып тіркелген, 2014 жылғы 12 шілдедегі № 27 (4030) "Абай-Ақиқат" аудандық газетінде, 2014 жылғы 17 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған), келесі өзгерту енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Абай ауданының Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      4 тармақ жаңа редакцияда келесі мазмұнда баяндалсын:

      "4. "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 06 мамырдағы, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңдарында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы Қағидаларда көзделген тәртіппен көрсетіледі.".

      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В. Черепанов
      Абай аудандық мәслихатының хатшысы Б. Цай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады