Қауымдық сервитутты белгілеу туралы

Жаңартылған

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 4 мамырдағы № 44/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 5 мамырда № 5826 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 17 бабына, 69-бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және заңды тұлғалардың өтініштерін қарай келе, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жаңаарқа ауданының аумағында жер учаскелерін пайдаланатын келесі жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін:

      1) "Жайрем кен байыту комбинаты" акционерлік қоғамына пайдалы кен қазбаларын барлау үшін жалпы көлемі 273127,9 гектар жер учаскесіне;

      2) "SevenCom" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы кен қазбаларын барлау үшін жалпы көлемі - 24995,7 гектар жер учаскесіне;

      3) алынып тасталды - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының әкімдігінің 12.02.2021 № 12/03 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен;

      4) "Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесіне Жаңаарқа ауданының аумағында газ құбырын және оның объектілерін салу үшін жалпы көлемі – 22,7636 гектар жер учаскесіне.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының әкімдігінің 12.02.2021 № 12/03 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Жаңаарқа ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ғ. Төлеуовке жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаарқа ауданының әкімі Ю. Беккожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады