Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 8 маусымдағы № 57/03 "Жер учаскелеріне қауымдық сервитутты белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 91/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 10 қыркүйекте № 6031 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 17 бабына, 69-бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және заңды тұлғалардын өтініштерін қарай келе, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жаңаарқа ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 8 маусымдағы №57/03 "Жер учаскелеріне қауымдық сервитутты белгілеу туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5873 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 11 маусымында электрондық түрде, "Жаңаарқа" аудандық газетінің 2020 жылы 13 маусымында №29 (9975) санында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      қаулының 1 тармағының 3) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:

      "3) "MININGMINERALS" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Ақтүбек, Мұқажан Жұмажанов атындағы ауылдық округының аумағынан жалпы көлемі -1602,5 гектар жер учаскелеріне;";

      қаулының 1 тармағы 4) тармақшасымен толықтырылсын:

      "4) "MININGMETALL" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қараағаш, Байдалы би ауылдық округының аумағынан жалпы көлемі - 3848,9 гектар жер учаскелеріне.".

      2. Осы каулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғаш ресми жариялаған күннен бастап он күнтізбелік күн аяқталған соң қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаарқа ауданының әкімі Ю. Беккожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады