"Verbier Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барлау жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының әкімдігінің 2020 жылғы 6 тамыздағы № 254 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 7 тамызда № 6004 болып тіркелді. Мерзімі өткендіктен қолданыс тоқтатылды

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексіне сәйкес, Қарқаралы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Verbier Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Жаңатоған ауылдық округі жерінен барлау жұмыстарын жүргізу үшін, жер және табиғат қорғау заңнамалары талаптарын ұстанумен жер учаскелерін алып қоймай, 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін мерзімге жалпы көлемі - 4528,1964 гектар жер учаскесін пайдалануға қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Verbier Mining" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне барлау жұмыстарын жүргізу мерзімдері мен орнын, шығындарды өтеу және жерді нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға және жарамды күйге келтіру үшін "Қарқаралы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесімен және жер пайдаланушылармен келісім шарт жасауға.

      3. "Қарқаралы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Жер Кодексіне сәйкес жұмыстар жүргізсін.

      4. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Э. Дюсетаев

Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью "Verbier Mining" на использование земельного участка для проведения разведочных работ

Постановление акимата Каркаралинского района Карагандинской области от 6 августа 2020 года № 254. Зарегистрировано Департаментом юстиции Карагандинской области 7 августа 2020 года № 6004. Прекращено действие в связи с истечением срока

      В соответствии с Законом Республики Казахстан "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" от 23 января 2001 года и земельного Кодекса Республики Казахстан от 20 июня 2003 года, акимат Каркаралинского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить публичный сервитут товариществу с ограниченной ответственностью "Verbier Mining" на использование земельного участка без изьятия для проведения разведочных работ из земель Жанатоганского сельского округа Каркаралинского района Карагандинской области общей площадью - 4528,1964 гектар с соблюдением требований земельного и природоохранного законодательства, сроком до 31 декабря 2021 года.

      2. Товариществу с ограниченной ответственностью "Verbier Mining" заключить договоры с государственным учреждением "Отдел земельных отношений, архитектуры и градостроительства Каркаралинского района" и землепользователями по срокам и месту проведения разведочных работ, возмещению убытков и приведению земель в состояние, пригодное для их использования по целевому назначению.

      3. Государственному учреждению "Отдел земельных отношений, архитектуры и градостроительства Каркаралинского района" провести работы согласно Земельного Кодекса Республики Казахстан.

      4. Контроль за исполнением данного постановления возложить на курирующего заместителя акима района.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким района Э. Дюсетаев