"Қызылорда облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі № 56 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 24 шілдедегі № 72 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 шілдеде № 7567 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 2023 жылғы 2 наурыздағы № 38 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы әкімдігінің 02.03.2023 № 38 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қызылорда облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 9 қыркүйектегі № 56 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6914 нөмірімен тіркелген, 2019 жылғы 12 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қызылорда облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларында:

      2-тармақтың 6, 7) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) мамандандырылған ұйымдар - әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын, тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 9 қазандағы №1279 қаулысымен бекітілген, ұйымдар;

      7) сатып алу интервенциялары - облыстың аумағында, бағалар төмендеген кезде және/немесе Қазақстан Республикасы аумағында төтенше жағдай енгізілгенде, мамандырылған ұйымдардың азық-түлік тауарларын сатып алу жөніндегі іс-шаралар;";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:

      "9) шекті сауда үстемесі - ішкі сауда субъектілерінің түпкілікті тұтынушыларға азық-түлік тауарларын өткізуі кезінде бағаны айқындау үшін қалыптастырылатын сауда үстемесі.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру үшін облыстың жергілікті атқарушы органы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымдардан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бағаларды белгілеу жөніндегі шараларды қоспағанда, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шарт жасасу жолымен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 9-1, 9-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "9-1. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыру туралы шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейінгі үш жылдық кезеңге облыстың жергілікті атқарушы органы мамандандырылған ұйыммен тұрақтандыру қорының заттай және ақшалай мәндегі өтпелі активтері туралы міндеттемелері көрсетілген қосымша келісім жасасады.

      Тұрақтандыру қоры таратылған жағдайда, мамандандырылған ұйым азық-түлік тауарларын сатып алу үшін пайдаланылған бюджет қаражатының жергілікті бюджетке қайтарылуын қамтамасыз етеді.

      Егер, мамандандырылған ұйымның шешімі бойынша азық-түлік тауарларын өткізу сатып алу бағасынан төмен баға бойынша жүзеге асырылса, онда соманың қайтарылуы сатып алу және өткізу бағаларының айырмасын шегере отырып жүзеге асырылады.

      9-2. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерін іске асыратын мамандандырылған ұйымның үстеме шығыстары азық-түлік тауарларының белгіленген және нарықтық бағаларының айырмасы есебінен жабылады.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Облыстың жергілікті атқарушы органы ай сайын айдың 20-на дейін Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы, сауда және интеграция министрліктеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру тетіктерінің іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынады.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Мамандандырылған ұйым өткізетін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесі "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңы 19-бабының 1-тармағына сәйкес, Статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес облыстың мемлекеттік статистика органдары қалыптастыратын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының ресми нарықтық мәндерінен 10 немесе одан да көп пайызға төмен бағаларды ұстап тұру ескеріле отырып қалыптастырылады.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру кезінде азық-түлік тауарлары тікелей өндірушілерден және (немесе) ауыл шаруашылығы өндірушілерінен және (немесе) көтерме кәсіпорындардан (дистрибьюторлардан) сатып алынады.";

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Мамандандырылған ұйым аграрлық азық-түлік нарығына реттеушілік ықпал ету қажет баға деңгейінің көтерілуі жағдайында, 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей, тауар интервенцияларын жүргізу туралы шешім қабылдайды.";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Облыстың жергілікті атқарушы органы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру мақсатында Комиссия айқындайтын азық-түлік тауарларының тізбесіне сәйкес мамандандырылған ұйымға кейін кәсіпкерлік субъектілеріне беру үшін қарыз береді. Қарыз беру қарыз шартын жасасу жолымен қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және ақылылық талаптарымен жүзеге асырылады.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Бағаларды тұрақтандыру мамандандырылған ұйымның әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына белгіленген төмендетілген бөлшек/көтерме сауда бағаларын белгілеуі жолымен қамтамасыз етіледі.";

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Кәсіпкерлік субъектісі мамандандырылған ұйымның қарызды қайтару бойынша міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етеді. Міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету мынадай түрде беріледі: кепіл және/немесе банктік кепілдендіру және/немесе сақтандыру шарты және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдік/кепілгерлігі және/немесе корпоративтік кепілдендіру. Міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жазбаша нысанда рәсімделеді.";

      36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Облыстың жергілікті атқарушы органы бөлетін, оның ішінде бұдан бұрын азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыруға бөлінген қаражат қаржыландыру көзі болып табылады.".

      2. "Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Б.Д. Жахановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі Г. Абдыкаликова

"О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Кызылординской области от 9 сентября 2019 года № 56 "Об утверждении Правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары по Кызылординской области"

Постановление акимата Кызылординской области от 24 июля 2020 года № 72. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 29 июля 2020 года № 7567. Утратило силу постановлением акимата Кызылординской области от 2 марта 2023 года № 38

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Кызылординской области от 02.03.2023 № 38 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии со статьей 26 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" акимат Кызылординской области ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Кызылординской области от 9 сентября 2019 года № 56 "Об утверждении Правил реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары по Кызылординской области" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 6914, опубликовано в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан 12 сентября 2019 года) следующие изменения и дополнения:

      в Правилах реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары по Кызылординской области, утвержденных указанным постановлением:

      подпункты 6), 7) пункта 2 изложить в следующей редакции:

      "6) специализированные организации – организации, реализующие механизмы стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары, за исключением мер по установлению предельных цен на социально значимые продовольственные товары, перечень которых утвержден постановлением Правительства Республики Казахстан от 9 октября 2012 года №1279;

      7) закупочные интервенции – мероприятия по закупке специализированными организациями продовольственных товаров, при снижении цен на территории области и/или при введении чрезвычайного положения на территории Республики Казахстан;";

      пункт 2 дополнить подпунктом 9) следующего содержания:

      "9) предельная торговая надбавка – торговая надбавка, формируемая для определения цены при реализации субъектами внутренней торговли продовольственных товаров конечным потребителям.";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Для реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары местный исполнительный орган области осуществляет закуп услуг у специализированных организаций, реализующих механизмы стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары, за исключением мер по установлению предельных цен на социально значимые продовольственные товары, путем заключения договора о реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары.";

      дополнить пунктами 9-1, 9-2 следующего содержания:

      "9-1. До истечения срока действия договора о реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары на трехлетний период местный исполнительный орган области заключает со специализированной организацией дополнительное соглашение с указанием обязательств о переходящих активах стабилизационного фонда в натуральном и денежном выражении.

      В случае упразднения стабилизационного фонда, специализированная организация обеспечивает возврат бюджетных средств, использованных для закупа продовольственных товаров в местный бюджет.

      Если по решению специализированной организации реализация продовольственных товаров осуществлена по ценам ниже закупочных, то возврат суммы осуществляется за минусом разницы цены закупа и реализации.

      9-2. Накладные расходы специализированной организации, реализующей механизмы стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары, покрываются за счет разницы между фиксированной и рыночной ценами на продовольственные товары.";

      пункт 11 изложить в следующей редакции:

      "11. Местный исполнительный орган области ежемесячно до 20 числа месяца представляет в министерства сельского хозяйства, торговли и интеграции Республики Казахстан информацию о ходе реализации механизмов стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары.";

      пункт 16 изложить в следующей редакции:

      "16. Предельная торговая надбавка на социально значимые продовольственные товары, реализуемые специализированной организацией, формируется с учетом удержания цен на 10 или более процентов ниже официальных рыночных значений розничных цен на социально значимые продовольственные товары, формируемые органами государственной статистики области согласно Плану статистических работ в соответствии с пунктом 1 статьи 19 Закона Республики Казахстан от 19 марта 2010 года "О государственной статистике".";

      пункт 19 изложить в следующей редакции:

      "19. При формировании регионального стабилизационного фонда закуп продовольственных товаров осуществляется непосредственно у производителей и (или) сельхозпроизводителей и (или) оптовых предприятий (дистрибьюторов).";

      пункт 23 изложить в следующей редакции:

      "23. Специализированная организация принимает решение о проведении товарных интервенций не позднее 2 (двух) рабочих дней в случае повышения уровня цен, при котором необходимо регулирующее воздействие на агропродовольственный рынок.";

      пункт 29 изложить в следующей редакции:

      "29. Местный исполнительный орган области в целях стабилизации цен на социально значимые продовольственные товары предоставляет займ специализированной организации для последующего предоставления субъектам предпринимательства в соответствии с перечнем продовольственных товаров, определяемым Комиссией. Предоставление займа осуществляется на условиях возвратности, обеспеченности и платности путем заключения договора займа.";

      пункт 30 изложить в следующей редакции:

      "30. Стабилизация цен обеспечивается путем установления специализированной организацией фиксированных сниженных розничных/оптовых цен на социально значимые продовольственные товары.";

      пункт 34 изложить в следующей редакции:

      "34. Субъект предпринимательства предоставляет обеспечение исполнения обязательств по возврату займа специализированной организации. Обеспечение исполнения обязательств предоставляется в виде: залога, и/или банковской гарантии, и/или договора страхования, и/или гарантии/поручительства третьих лиц, и/или корпоративной гарантии. Обеспечение исполнения обязательств оформляется в письменной форме, предусмотренной законодательством.";

      пункт 36 изложить в следующей редакции:

      "36. Источником финансирования являются денежные средства, выделяемые местным исполнительным органом области, в том числе, выделенные ранее на формирование региональных стабилизационных фондов продовольственных товаров.".

      2. Государственному учреждению "Управление сельского хозяйства Кызылординской области" принять меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима Кызылординской области Жаханова Б.Д.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Аким Кызылординской области Г. Абдыкаликова