2020 жылға жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 3-қ қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 қаңтарда № 7216 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 6 ақпандағы № 9-қ қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Арал ауданы әкімдігінің 06.02.2020 № 9-қ қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8) тармақшаларына сәйкес Арал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар осы қаулының 1, 2- қосымшаларына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Арал ауданы әкімінің орынбасары Р. Өтешовке жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Арал ауданы әкімінің міндетін атқарушы Р. Утешов
     
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Арал құрылысы" жауапкершілігі
шектеулі серіктестігімен
"Арал" Сервистік дайындау орталығы
жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен

  2020 жылғы 17 қаңтары № 3-қ Қаулысына 1- қосымша

2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйым атауы

Жұмыскерлер дің тізімдік саны (адам)

Жұмыскерлердің тізімдік санынан квотаның көлемі (пайыз)

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны ( адам)

1

"Арал құрылысы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

56

1,12

2

  2020 жылғы 17 қаңтары № 3-қ Қаулысына 2-қосымша

2020 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйым атауы

Жұмыскерлер дің тізімдік саны (адам)

Жұмыскерлердің тізімдік санынан квотаның көлемі (пайыз)

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны ( адам)

1

"Арал" "Сервистік дайындау орталығы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

40

0,8

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады