2020 жылға жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қазалы ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 30 қаңтардағы № 13 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 31 қаңтарда № 7229 болып тіркелді

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес Қазалы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін, ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының 1, 2 және 3 қосымшаларына сәйкес белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазалы ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі М. Ергешбаев

  Аудан әкімі 2020 жылғы 30 қаңтары № 13 қаулысына 1-қосымша

2020 жылға пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам)

1

"СПК Қызылорда Балық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

80

2,5

2

2

"Сыр Маржаны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

72

1,38

1

3

"ҚАЗАЛЫ КӨРКЕМ СЕРВИС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

70

1,42

1

  Аудан әкімі 2020 жылғы 30 қаңтары № 13 қаулысына 2-қосымша

2020 жылға бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам)

1

Жеке кәсіпкер "Игликов Т"

60

1,6

1

  Аудан әкімі 2020 жылғы 30 қаңтары № 13 қаулысына 3-қосымша

2020 жылға ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін квота

Ұйымның атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі (%) жұмыскерлердің тізімдік санынан

Квота белгіленген жұмыс орындарының саны (адам)

1

"Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы аграрлы-техникалық колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

119

1,68

2

2

"Қызылорда облысының білім басқармасының "Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны

120

1,66

2


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады