"Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы №150 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 403 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 сәуірде № 7396 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 сәуірдегі № 47 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Қазалы аудандық мәслихатының 29.04.2021 № 47 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3-тармағына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Қазалы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларын бекіту туралы" Қазалы аудандық мәслихатының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 150 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 6129 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 23 қаңтардағы жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:

      5-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) 9 мамыр – Жеңіс күніне орай:

      Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет және 1941-1945 жылдарындағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай қосымша біржолғы төлем 500 000 (бес жүз мың) теңге мөлшерінде;

      жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына, атап айтқанда: Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдарға – 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет және 1941-1945 жылдарындағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай қосымша біржолғы төлем 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      екiншi рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың әйелдерiне (күйеулерiне) 1941-1945 жылдарындағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай біржолғы төлем 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;

      "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңына сәйкес арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар азаматтарға, атап айтқанда:

      1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға 1941-1945 жылдарындағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына орай біржолғы төлем 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде;";

      16-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазалы аудандық мәслихатының
кезектен тыс LIII сессиясының төрағасы
Ғ. ӘЛІШ
      Қазалы аудандық
мәслихат хатшысы
К. НАЗЫМБЕКОВ
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облысының жұмыспен
қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар басқармасы"
мемлекеттік мекемесімен

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады