"Сайлау учаскелерін құру туралы" Қармақшы ауданы әкімінің 2015 жылғы 12 қарашадағы №25 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Қармақшы ауданы әкімінің 2020 жылғы 22 қазандағы № 30 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 23 қазанда № 7752 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23-бабына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына сәйкес Қармақшы ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қармақшы ауданы әкімінің 2015 жылғы 12 қарашадағы № 25 "Сайлау учаскелерін құру туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 5225 нөмірімен тіркелген, "Қармақшы таңы" газетінде 2015 жылғы 12 желтоқсанда және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 28 қаңтарда жарияланған) шешіміне мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

      аталған шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қармақшы ауданы әкімінің орынбасары Ж. Омаровқа жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қармақшы ауданының әкімі М. Калдарбеков
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қармақшы аудандық
      аумақтық сайлау
      комиссиясының төрағасымен

  Қармақшы ауданы әкімдігінің
  2020 жылғы 22 қазаны № 30
  шешіміне қосымша
  Қармақшы ауданы әкімінің
  2015 жылғы 12 қарашадағы № 25
  шешіміне қосымша

Қармақшы ауданы бойынша сайлау учаскелері

Сайлау
учаскесі

Орналасқан жері

Сайлау учаскелерінің шекаралары

1

№95

Жосалы кенті Амангелді көшесі №2А, "Қармақшы аудандық білім бөлімінің С.Есқараев атындағы №27 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Темір жол вокзалынан бастап Тұрмағамбет Ізтілеуов көшесінің шығыс бетімен Н.Сералиев көшесіне дейін, Н. Сералиев көшесінің шығыс бетімен Абай Құнанбаев көшесіне дейін, Абай Құнанбаев көшесінің оңтүстік бетімен Т.Көмекбаев көшесіне дейін, Т.Көмекбаев көшесінің шығыс бетімен Меңей батыр көшесіне дейін, Меңей батыр көшесінің солтүстік бетімен Т.Көмекбаев көшесіне дейін, Т.Көмекбаев көшесінің шығыс бетімен Султан Сүлейменов көшесіне дейін, Султан Сүлейменов көшесінің солтүстік бетімен Жақсан Шүленов көшесін қиып өтіп, Ардақ Қазиев көшесі және Сейхун тұйық көшесін толық қамти отырып, темір жолға дейін және темір жолдың оңтүстік бойымен вокзалға дейінгі үйлер.

2

№97

Жосалы кенті Қорқыт ата көшесі №62, "Қармақшы аудандық білім бөлімінің №121 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

"Достық" автобекетінен Сырдария өзенінің солтүстік бетімен Қараөзек өзеніндегі темір жол көпіріне дейін, темір жол көпірінен темір жолдың оңтүстік бойымен Т.Тоқтаров көшесіне дейін, Т.Тоқтаров көшесін толық қамти отырып Султан Сүлейменов көшесіне дейін, Султан Сүлейменов көшесінің оңтүстік бетімен Т.Көмекбаев көшесіне дейін, Т.Көмекбаев көшесінің шығыс бетімен Ыбырай Алтынсарин көшесіне дейін, Ыбырай Алтынсарин көшесінің оңтүстік бетімен Ә.Ниетбай көшесіне дейін, Ә.Ниетбай көшесінің шығыс бетімен "Достық" автобекетіне дейінгі үйлер.

3

№98

Жосалы кенті Ә.Жомартов көшесі №5, "Қармақшы аудандық білім бөлімінің А.Жанпейісов атындағы №105 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

"Қармақшы аудандық білім бөлімінің Тәйімбет Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің солтүстік бетінен бастап Абыт көлінің батыс бетімен Ізтілеу Мүсірбаев көшесіне дейін, одан әрі Ізтілеу Мүсірбаев көшесінің оңтүстік-батыс бетімен "Жосалы-Жалағаш" автожолына дейін, Жалағаштан келетін жолдың оңтүстік бетімен кенттің батыс бетіндегі теміржол көпіріне дейін, теміржолдың солтүстік бетімен "Қармақшы аудандық білім бөлімінің Тәйімбет Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне дейінгі үйлер.

4

№100

Жосалы кенті М.Мәметова көшесі №25, "Қармақшы аудандық білім бөлімінің О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Ізтілеу Мүсірбаев көшесінің солтүстік-шығыс бетімен Ү.Томанов көшесіне дейін, Ү.Томанов көшесінің батыс бетімен Шығыс каналы көпіріне дейін, оның солтүстік-шығыс бетін айналып, Жосалы кентінің шығыс-солтүстік бетімен кенттің батыс бетіндегі теміржол көпіріне дейін, "Жосалы-Жалағаш" авто жолымен Ізтілеу Мүсірбаев көшесіне дейінгі үйлер.

5

№119

Қызылорда облысы, Байқоныр қаласы 5 ықшам ауданы №11А, "Қармақшы аудандық білім бөлімінің №275 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

5 "А" ықшам ауданы №9/1, 9/3, 9/4, 11,12,13,14,17,18 үйлер, 5 ықшам ауданы №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 24, 25, 26, 27, 28, 29 үйлер.

6

№120

Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы 7 ықшам ауданы №22А, "Тұрғын үй шаруашылығы" мемлекеттік унитарлық кәсіпорнының №5 тұрғын үй пайдалану учаскесі.

7 ықшам ауданы №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 12, 13, 14, 15, 16, 19, 20, 21, 21 "б", 22, 23, 24, 25, 26, 27, 102, 103, 104 үйлер, 7 "А" ықшам ауданы №4, 5 үйлер.

7

№122

Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы 6 "А" ықшам ауданы №19, "Қармақшы ауданы білім бөлімі №277 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

6 ықшам ауданы №21, 22, 24, 25, 27, 28, 29, 30, 37, 37 "А", 76 үйлер, 6 "А" ықшам ауданы №20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 70, 71, 72, 73, 74, 75, 79, 80 үйлер, 7 "А" ықшам ауданы №1, 2, 3 үйлер.

8

№126

Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласы Г.Титов көшесі №2, "№1 орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

8 Март көшесі №2, 4, 6, 8 үйлер, М.Горький көшесі №2, 4, 6, 10, 12 үйлер, С.Королев даңғылы №2, 3, 3 "А", 4, 6, 9 үйлер, А.Максимов көшесі №5 үй, Лесной, Новый тұйық көшелері, Авиационный, Набережная, Н.Носов, Октябрьская, Первомайская, Пионерская, В.Комаров, Ленин, Н.Осташев, Г.Титов, Школьная көшелері, Л.Шубников көшесі №1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 10, 14, 16, 18 үйлер.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады