"2020 жылға арналған әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы" Жаңақорған аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 ақпандағы № 429 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жаңақорған аудандық мәслихатының 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 579 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 28 желтоқсанда № 7956 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Републикасы 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26-бабына және "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 18-бабының 8-тармағына сәйкес Жаңақорған аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "2020 жылға арналған әлеуметтік қолдау шараларын көрсету туралы" Жаңақорған аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 ақпандағы шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7265 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 14 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін.

      аталған шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. 2020 жылға Жаңақорған ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсетілсін:

      1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

      2) тұрғын үй алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит."

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңақорған ауданы мәслихатының кезекті LVІІ сессиясының төрағасы Т. Мамуов
      Жаңақорған аудандық мәслихат хатшысы Е. Ильясов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады