Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормаларын, материалдық – техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Қызылорда облысы Шиелі аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы № 55/3 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 2 шілдеде № 7558 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының 8-бабы, 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес, Шиелі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормалары, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шиелі аудандық мәслихаты сессиясының төрағасы К. Шәукебаев
      Шиелі аудандық мәслихат хатшысы Б. Сыздық

  Шиелі аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 25 маусымы
  № 55/3 шешіміне қосымша

Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, олардың пайдалану тәртібі мен шекті толу нормалары, материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар, сондай-ақ пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

1. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар мен олардың шекті толу нормалары

      1. Шиелі ауданы аумағында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін мынадай арнайы орындар мен олардың шекті толу нормалары айқындалсын:

      1) Жиналыстар, митингілер ұйымдастыру және өткізу үшін:

      Шиелі кенті аумағында: "Қоқшоқы" елді мекені И.Әбдікәрімов көшесі № 11 ғимараттың алдыңғы алаң, шекті толу нормасы –300 адамға дейін;

      Шиелі кенті аумағында М.Шоқай көшесі № 53 ғимаратының артқы алаңы шекті толу нормасы – 300 адам;

      Иіркөл ауылдық округі аумағында: Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихи музейіне дейінгі алаң, шекті толу нормасы- 30 адам;

      Ортақшыл ауылдық округі аумағында: С.Сейфуллин көшесі бойындағы ашық алаң, шекті толу нормасы – 40 адам;

      Талаптан ауылдық округі аумағында: Бала би көшесі бойындағы ашық алаң, шекті толу нормасы – 80 адам;

      Ақмая ауылдық округі аумағында: Ақмая ауылы діни ғибадат үйінің жанындағы ашық алаң, шекті толу нормасы –50 адам;

      Сұлутөбе ауылдық округі аумағында: М.Тоқмағанбетов көшесіндегі ашық алаң, шекті толу нормасы – 40 адам;

      Керделі ауылдық округі аумағында: А.Құнанбаев көшесіндегі ашық алаң, шекті толу нормасы – 30 адам;

      Тартоғай ауылдық округі аумағында: М.Ғабдуллин көшесі ашық алаң, шекті толу нормасы – 40 адам;

      Алмалы ауылдық округі аумағында: Мұстафа Шоқай көшесі солтүстік бетіндегі ашық алаңы, шекті толу нормасы – 40 адам;

      Жөлек ауылдық округі аумағында: Орталық жастар саябағының алдыңғы алаңы, шекті толу нормасы – 30 адам;

      Ақтоған ауылдық округі аумағында: О.Сәрсенбай көшесіндегі ашық алаң, шекті толу нормасы – 30 адам;

      Бәйгеқұм ауылдық округі аумағында: Ауылдық мәдениет үйінің алдыңғы алаңы, шекті толу нормасы- 40 адамға;

      Қоғалы ауылдық округі аумағында: Шағын спорт алаңының алдыңғы ашық аумағы, шекті толу нормасы – 30 адам;

      Бестам ауылдық округі аумағында: Ы.Алтынсарин көшесінің бойындағы ашық алаң, шекті толу нормасы 30 адам;

      Гигант ауылдық округі аумағында: М.Мырзалиев көшесі ашық алаң, шекті толу нормасы – 50 адам;

      Еңбекші ауылдық округі аумағында: Б.Оразов көшесіндегі ескі мәдениет үйінің алдындағы ашық алаң, шекті толу нормасы – 30 адам;

      Жуантөбе ауылдық округі аумағында: Ә.Исмайлов көшесінің бойында орналасқан ашық алаң, шекті толу нормасы – 40 адам;

      Жиделіарық ауылдық округі аумағында: Есабыз көшесі бойындағы алаң, шекті толу нормасы – 30 адам;

      Төңкеріс ауылдық округі аумағында: С.Сейфуллин көшесіндегі ашық алаң, шекті толу нормасы –40 адам;

      Телікөл ауылдық округі аумағында: Доспан Шайық көшесінің бойындағы ашық алаң, шекті толу нормасы – 30 адам;

      Майлытоғай ауылдық округі, С.Аймағанбетов көшесінің бойындағы ашық алаң, шекті толу нормасы – 30 адам; .

      Жаңатұрмыс ауылдық округі аумағында: С.Аймағанбетов көшесінің бойындағы ашық алаң, шекті толу нормасы – 40 адам;

      Қарғалы ауылдық округі аумағында: Абай көшесіндегі ашық алаң, шекті толу нормасы –30 адам.

      2) демонстрациялар, шерулер ұйымдастыру және өткізу үшін:

      Шиелі кенті аумағында: Н.Бекежанов көшесі №57 ғимараттан бастап (ескі №47 мектебінен) Н.Бекежанов көшесінің соңына дейін, шекті толу нормасы- 300 адамға дейін.

      Бейбіт жиналыстарға қатысушылардың болжамды саны бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындардың шекті толу нормаларынан асып кетпеуі тиіс.

      2. Пикеттеуді қоспағанда, өзге орындарда бейбіт жиналыстар өткізуге тыйым салынады.

      3. Жаппай жерлеу орындарында, теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда, мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының резиденцияларына іргелес жатқан аумақтарда, қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда, магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда пикеттеуді өткізуге тыйым салынады

2. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі

      4. Бейбіт жиналыстарды бейбіт жиналыстар өткізілетін күні жергілікті уақыт бойынша сағат 9-дан ерте бастауға және сағат 20-дан кеш аяқтауға болмайды. Пикеттеу ұзақтығы, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде, дәл сол бір объектіде күніне 2 сағаттан аспауға тиіс.

      5. Дәл сол бір жерде және (немесе) дәл сол бір жүру маршруты бойынша не дәл сол бір уақытта бейбіт жиналыс өткізуге бір мезгілде бірнеше бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылар үміткер болған жағдайда, көрсетілген орынды пайдалану кезектілігін Шиелі ауданының әкімдігі бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан тиісті хабарламаны немесе өтінішті алған уақытын негізге ала отырып айқындайды.

      6. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды қоспағанда, дәл сол бір жерде, дәл сол бір уақытта, дәл сол бір объектіде екі және одан көп пикет өткізуге жол берілмейді.

      7. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылар бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда тазалықты сақтауы және тәртіпті қолдауы, қалалар мен елді-мекендердің абаттандыру элементтерінің (жолдар, тротуарлар, көгалдар, шағын сәулеттік нысандар, жарықтандыру, су бұрулар) зақымдануына және бұзылуына жол бермеуі, сонымен қатар "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы Заңының (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 2-тармағы және 6-бабының 2-тармағында белгіленген міндеттерді сақтауы тиіс.

      8. Ішкі істер органдары өзінің құзыреті шегінде бейбіт жиналыстарды өткізу кезінде қоғамдық тәртіп сақтауды, адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғауды, жол қозғалысын реттеуді, өрт қауіпсіздігін, жаппай тәртіпсіздіктің және топтасып бағынбаушылықтың жолын кесуді қамтамасыз етеді.

      9. Денсаулық сақтау ұйымдары өзінің құзыреті шегінде бейбіт жиналыстарды өткізу кезіндегі науқастарды қабылдауды және медициналық көмек көрсетуді жүзеге асырады.

      10. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыға және қатысушыларға мыналарға тыйым салынады:

      1) Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерін бұзуға, жаппай тәртіпсіздіктерге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға үндеуге, билікті басып алуға немесе ұстап тұруға, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге насихаттауға немесе жария үндеуге;

      2) көліктің, инфрақұрылым объектілерінің іркіліссіз жұмыс істеуіне, жасыл екпелер мен шағын сәулет нысандарының, өзге де мүліктің сақталуына бөгет жасайтын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарға қатыспайтын азаматтардың еркін жүріп-тұруына кедергі келтіретін әрекеттер жасауға;

      3) бейбіт жиналыстар өткізу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың адам мен азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін орындауы кезінде олардың қызметіне кедергі келтіруге;

      4) өзімен бірге суық, атыс қаруын және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қарсы, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншігіне материалдық нұқсан келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін арнайы дайындалған немесе бейімделген нәрселерді (заттарды, бұйымдарды) алып жүруге;

      5) алкоголь өнімін, есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді таратумен және (немесе) тұтынумен айналысуға, сондай-ақ алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болуға;

      6) денсаулықты сақтауға арналған жеке қорғаныш құралдарын қоспағанда, бет-әлпетін тануға кедергі келтіретін киім-кешекті және (немесе) өзге де заттарды пайдалануға;

      7) және жасағаны үшін жауапкершілігі қолданыстағы заңнамаларда белгіленген өзге де құқыққа қарсы әрекеттер.

      11. Бейбіт жиналыстарды тоқтату үшін мыналар негіздер болып табылады:

      1) азаматтардың өмірі мен денсаулығына, қоғамдық тәртіпке және (немесе) қоғамдық қауіпсіздікке нақты қатердің төнуі, мүлікке, оның ішінде бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынның шекті толу нормасынан асып түсу салдарынан нұқсан келтіру;

      2) әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық алауыздықты қоздыру, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығына қол сұғуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің басқа да ережелерін бұзуға үндеулер;

      3) бейбіт жиналыстарды өткізу нысанын өзгерту;

      4) Заңның 17-бабының 3-тармағында көрсетілген жағдайлар басталғанда;

      5) ұйымдастырушының бейбіт жиналыс өткізуден бас тартуы;

      6) бейбіт жиналыс өткізу уақытының өтуі.

      Шиелі ауданы әкімдігінің өкілі бейбіт жиналыстарды тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда бейбіт жиналыстарды ұйымдастырушыдан не оларға қатысушылардан бейбіт жиналыстарды өз еркімен тоқтатуды талап етеді және бейбіт жиналыстарды тоқтату туралы талапты орындау үшін уақыт белгілейді.

      Бейбіт жиналыстарды тоқтату туралы талап орындалмаған жағдайда ішкі істер органдарының қызметкерлері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бейбіт жиналыстарды мәжбүрлеп тоқтату жөнінде қажетті шараларды қолданады.

      12. Мемлекеттік органдардың, Шиелі ауданы әкімдігінің, олардың лауазымды адамдарының шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

3. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      13. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар мүмкіндігіне қарай сыртқы электрлік жарықтандыру қондырғылармен, электр желілеріне қосылатын нүктелермен, қоқысқа арналған құтылармен, ішкі істер органдарының Жедел басқару орталықтарына қосылған бейнебақылау жүйелерімен қамтылуы, сондай-ақ сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормативтерге сәйкес абаттандырылған болуы қажет.

      14. Бейбіт жиналыстар өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен оларға қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      15. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыруды және өткізу үшін арнайы орындарда жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғалардың және (немесе) заңды тұлғалардың, қызметі Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тоқтатыла тұрған немесе оған тыйым салынған заңды тұлғаның, шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды тұлғалардың қаржыландыруына тыйым салынады.

      16. Шиелі ауданы әкімдігінің келісімінсіз бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарда киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылысжайлар орнатуға тыйым салынады.

4. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      17. Пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары мынадай болып айқындалсын:

      1) жаппай жерлеу орындарының іргелес аумақтың шекарасынан - 300 метр;

      2) теміржол, су, әуе және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 300 метр;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан – 400 метр;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 400 метр;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтардың шекарасынан - 400 метр.

Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка их использования и норм их предельной заполняемости, требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест, а также границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования

Решение Шиелийского районного маслихата Кызылординской области от 25 июня 2020 года № 55/3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Кызылординской области 2 июля 2020 года № 7558

      В соответствии с подпунктами 1) и 2) пункта 2 статьи 8 Закона Республики Казахстан 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан", Шиелийский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить специализированные места для организации и проведения мирных собраний, порядок их использования и нормы их предельной заполняемости, требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест, а также границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования согласно приложению к настоящему решению.

      2. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Шиелийского районного маслихата К. Шәукебаев
      Cекретарь Шиелийского районного маслихата Б. Сыздық

  Приложение к решению
  Шиелийcкого районного маслихата
  от 25 июня 2020 года № 55/3

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний, порядок их использования и нормы их предельной заполняемости, требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест, а также границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования

1. Специализированные места для организации и проведения мирных собраний и нормы их предельной заполняемости

      1. Определить следующие специализированные места для организации и проведения мирных собраний и нормы их предельной заполняемости на территории Шиелийского района:

      1) для организации и проведения собраний, митингов:

      на територии поселка Шиели: населенный пункт "Кокшокы" улица И.Абдикаримова №11 передняя площадь здания, предельная норма заполнения - 300 человек;

      на территории поселка Шиели: улице М.Шокай №53 задняя площадь здания, предельная норма заполнения - 300 человек;

      на территории Иркольского сельского округа: площадь до исторического музея рисоводства имени. Ы.Жакаева, предельной заполняемости - 30 человек;

      на территории Ортакшылского сельского округа: открытая площадь по улице С.Сейфуллина, предельной заполняемости - 40 человек;

      на территории Талаптанского сельского округа: открытая площадка по улице Бала би, предельной заполняемости - 80 человек;

      на территории сельского округа Акмая: село Акмая, открытая площадка возле культового здания, предельной заполняемости - 50 человек;

      на территории Сулутобинского сельского округа: открытая площадка по улице М.Токмаганбетова, предельной заполняемости - 40 человек;

      на территории Керделинского сельского округа: открытая площадь по улице А.Кунанбаева, предельной заполняемости - 30 человек;

      на территории Тартогайского сельского округа: улица. М.Габдуллина открытая площадь, предельной заполняемости - 40 человек;

      на территории Алмалинского сельского округа: открытая площадка на северной стороне улицы Мустафа Шокай, предельной заполняемости - 40 человек;

      на территории Жолекского сельского округа: передняя площадь Центрального молодежного парка, предельной заполняемости - 30 человек;

      на территории Актоганского сельского округа: открытая площадка по улице О.Сарсенбая, предельной заполняемости - 30 человек;

      на территории Байгекумского сельского округа: передняя площадь сельского Дома культуры, предельной заполняемости - 40 человек;

      на территории Когалинского сельского округа: передняя открытая территория малой спортивной площадки, предельной заполняемости - 30 человек;

      на территории Бестамского сельского округа: улица Ы.Алтынсарина открытая площадь, передельной заполняемости - 30 человек;

      на территории Гигантского сельского округа: улица М.Мырзалиева открытая площадь, предельной заполняемости - 50 человек;

      на территории Енбекшинского сельского округа: открытая площадь перед старым домом культуры по улице Б.Оразова, предельной заполняемости - 30 человек;

      на территории Жуантобинского сельского округа: открытая площадка по улице А.Исмайлова, предельной заполняемости - 40 человек;

      на территории Жиделиарыкского сельского округа: площадь по улице Есабыз, предельной заполняемости - 30 человек;

      на территории Тонкерисского сельского округа: открытая площадь по улице С.Сейфуллина, предельной заполняемости - 40 человек;

      на территории Теликольского сельского округа: открытая площадка по улице Доспан Шайык, предельной заполняемости - 30 человек;

      на территории Майлытогайского сельского округа: открытая площадь по улице С.Аймаганбетова, предельной заполняемости - 30 человек;

      на территории Жанатурмыского сельского округа: открытая площадка по улице С.Аймаганбетова, предельной заполняемости - 40 человек;

      на территории Каргалинского сельского округа, открытая площадь по улице Абая, предельной заполняемости - 30 человек;

      2) для организации и проведения демонстраций, шествий:

      На территории поселка Шиели: от здания № 57 по улице Н.Бекежанова (старая школа № 47) до конца улицы Н.Бекежанова, предельной заполняемости - 300 человек;

      Предполагаемое количество участников мирных собраний не должны превышать нормы предельной заполняемости специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

      2. Запрещается проведение мирных собраний в иных местах, за исключением пикетирования.

      3. Проведение пикетирования запрещаетсяв в местах массовых захоронений, на объектах железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта и прилегающих к ним территориях, на территориях, прилегающих к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения, на территориях, прилегающих к резиденциям Президента Республики Казахстан, Первого Президента Республики Казахстан – Елбасы, на территориях, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности, на магистральных железнодорожных сетях, магистральных трубопроводах, национальной электрической сети, магистральных линиях связи и прилегающих к ним территориях.

2. Порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний

      4. Мирные собрания не могут начинаться ранее 9 часов и заканчиваться позднее 20 часов по местному времени в день проведения мирных собраний. Продолжительность пикетирования не должна превышать 2 часов в день в одном и том же месте у одного и того же объекта, за исключением специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

      5. В случае, если на проведение мирного собрания в одном и том же месте и (или) по одному и тому же маршруту следования либо в одно и то же время одновременно претендует несколько организаторов мирных собраний, очередность использования указанного места определяется акиматом Шиелийского района исходя из времени получения им соответствующего уведомления или заявления от организатора мирных собраний.

      6. Не допускается проведение двух и более пикетов в одном и том же месте в одно и то же время у одного и того же объекта, за исключением специализированных мест для организации и проведения мирных собраний.

      7. Организаторы и участники мирных собраний на специализированных местах для организации и проведения мирных собраний должны соблюдать чистоту и поддерживать порядок, не допускать повреждения и разрушения элементов благоустройства (дорог, тротуаров, газонов, малых архитектурных форм, освещения, водоотвода) городов и населенных пунктов, а также обязанности, указанные в пункте 2 статьи 5 и пункте 2 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан" (далее - Закон).

      8. Органы внутренних дел в пределах своей компетенции обеспечивают при проведении мирных собраний защиту жизни, здоровья, прав и свобод человека и гражданина от противоправных посягательств, охрану общественного порядка, регулирование дорожного движения, пожарную безопасность, пресечение массовых беспорядков и групповых неповиновений.

      9. Организации здравоохранения в пределах своей компетенции осуществляет при проведении мирных собраний прием больных и оказание медицинской помощи.

      10. Организатору и участникам мирных собраний запрещаются следующие действия:

      1) призывать к нарушению Конституции Республики Казахстан, законов и иных нормативных правовых актов Республики Казахстан, массовым беспорядкам, разжиганию социальной, расовой, национальной, религиозной, сословной и родовой розни, пропагандировать или публично призывать к захвату или удержанию власти, насильственному изменению конституционного строя Республики Казахстан;

      2) совершать действия, которые создают помехи для бесперебойного функционирования транспорта, объектов инфраструктуры, сохранности зеленых насаждений и малых архитектурных форм, иного имущества, а также препятствуют свободному передвижению граждан, не участвующих в мирных собраниях;

      3) препятствовать деятельности государственных органов, организаций, должностных лиц при выполнении ими комплекса мер по защите жизни, здоровья, прав и свобод человека и гражданина, интересов общества и государства, охране общественного порядка и обеспечению общественной безопасности при проведении мирных собраний;

      4) иметь при себе холодное, огнестрельное и иное оружие, а также специально подготовленные или приспособленные предметы (вещества, изделия), которые могут быть использованы против жизни и здоровья людей, для причинения материального ущерба гражданам и собственности юридических лиц;

      5) заниматься распространением и (или) потреблением алкогольной продукции, наркотических средств, психотропных веществ, их аналогов, а также находиться в состоянии алкогольного, наркотического и (или) токсикоманического опьянения;

      6) использовать предметы одежды и (или) иные средства, препятствующие распознаванию лица, за исключением средств индивидуальной защиты, направленных на охрану здоровья;

      7) и другие противоправные действия, за совершение которых предусмотрена установленная действующим законодательством ответственность.

      11. Основаниями для прекращения мирных собраний являются:

      1) создание реальной угрозы жизни и здоровью граждан, общественному порядку и (или) общественной безопасности, причинение ущерба имуществу, в том числе в результате превышения нормы предельной заполняемости специализированного места для организации и проведения мирных собраний;

      2) разжигание социальной, расовой, национальной, религиозной, сословной и родовой розни, призывы к насильственному свержению конституционного строя Республики Казахстан, посягательству на территориальную целостность Республики Казахстан, а также нарушение других положений Конституции Республики Казахстан, законов и иных нормативных правовых актов Республики Казахстан;

      3) изменение формы проведения мирных собраний;

      4) наступление случаев, указанных в пункте 3 статьи 17 Закона;

      5) отказ организатора от проведения мирного собрания;

      6) истечение времени проведения мирного собрания.

      Представитель акимата Шиелийского района в случае принятия решения о прекращении мирных собраний требует от организатора либо участников мирных собраний добровольно прекратить мирные собрания и устанавливает время для выполнения требования о прекращении мирных собраний.

      В случае невыполнения требования о прекращении мирных собраний сотрудники органов внутренних дел принимают необходимые меры по принудительному прекращению мирных собраний в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      12. Решения и действия (бездействие) государственных органов, акимата Шиелийского района, их должностных лиц могут быть обжалованы в порядке, установленном законами Республики Казахстан.

3. Требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний

      13. Специализированные места для организации и проведения мирных собраний по возможности должны быть обеспечены установками наружного электрического освещения, точками подключения к электрическим сетям, урнами для мусора, системами видеонаблюдения подключенных к Центрам оперативного управления органов внутренних дел, а также, благоустроенными территориями в соответствии с нормативами в области архитектуры, градостроительства и строительства.

      14. Материально-техническое и организационное обеспечение проведения мирных собраний осуществляется их организатором и участниками за счет собственных средств, а также за счет средств и имущества, собранных и (или) переданных для проведения данных мирных собраний, если настоящим Законом и иными законами Республики Казахстан не установлено иное.

      15. Запрещается финансирование организации и проведение мирных собраний физическими лицами и (или) юридическими лицами, включенными в перечень организаций и лиц, связанных с финансированием распространения оружия массового уничтожения, и (или) в перечень организаций и лиц, связанных с финансированием терроризма и экстремизма, юридическим лицом, деятельность которого приостановлена или запрещена в установленном законом Республики Казахстан порядке, иностранцами, лицами без гражданства и иностранными юридическими лицами.

      16. Запрещается установление юрт, палаток, иных сооружений в специализированных местах для организации и проведения мирных собраний без согласия акимата Шиелийского района.

4. Границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования

      17. Определить следующие границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования:

      1) в 300 метрах от границы территории, прилегающей к месту массовых захоронений;

      2) в 300 метрах от границы территории, прилегающей к объекту железнодорожного, водного, воздушного и автомобильного транспорта;

      3) в 400 метрах от границ территорий, прилегающих к организациям, обеспечивающим обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) в 400 метрах от границ территорий, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) в 400 метрах от границы территории, прилегающей к магистральным железнодорожным сетям, магистральным трубопроводам, национальной электрической сети, магистральным линиям связи.