Ақтау қаласы бойынша 2021-2023 жылдарда субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы

Жаңа

Маңғыстау облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 39/466 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 21 желтоқсанда № 4391 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі "Автомобиль көлігі туралы" Заңының 14-бабы 1 тармағы 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 "Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12353 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Ақтау қаласы бойынша 2021-2023 жылдарда субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. "Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ә. Дауылбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Маңғыстау облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақтау қаласының әкімі Н. Қилыбайға жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Н. Ғұбашов
      Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы Н. Тумышев

  Маңғыстау облыстық мәслихатының
  2020 жылғы 11 желтоқсандағы
  № 39/466 шешіміне
  қосымша

Ақтау қаласы бойынша 2021-2023 жылдарда субсидиялауға жататын әлеуметтік маңызы бар қатынастарының тізбесі

Маршрут атауы (маршрут нөмірі)

Маршрут түрі (атауы)

1

№ 2

қалалық

2

№ 3

қалалық

3

№ 5

қалалық

4

№ 4

Ақтау-Өмірзақ

5

№ 4м

Ақтау-Өмірзақ

6

№ 7

Ақтау-Рауан


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады