Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 27 наурыздағы № 138 "Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беру қағидалары мен оның сипаттамасын бекіту туралы" қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 359 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 25 маусымда № 4247 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңдарына сәйкес, сонымен қатар "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің 2020 жылғы 13 сәуірдегі №05-10-799 ақпараттық хатының негізінде, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 27 наурыздағы №138 "Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметтік куәлігін беру қағидалары мен оның сипаттамасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3344 болып тіркелген, 2017 жылғы 2 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      2. "Жаңаөзен қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Қ.Құсайнов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімі аппарат басшысы Қ.Құсайновқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді.

      Жаңаөзен қаласы әкімі М. Ибагаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады