Қарақия ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібін, оның шекті толу нормасын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды және пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Қарақия аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 шілдедегі № 42/418 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 шілдеде № 4257 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңына сәйкес, Қарақия аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:

      1. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Қарақия ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Қарақия ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібі, оның шекті толу нормасы, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.

      3. Осы шешімнің 3 қосымшасына сәйкес Қарақия ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      4. Қарақия аудандық мәслихатының 2016 жылғы 13 шілдедегі № 4/37 "Бейбіт жиналыстарды, митингілерді, пикеттерді, шерулерді және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3139 болып тіркелген, 2016 жылғы 25 тамызда "Әділет" ақпараттық - құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      5. "Қарақия аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Р.Ибраева) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қарақия аудандық мәслихатының заңдылық, депутаттар өкілеттілігі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Б.Қуандық).

      7. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Қ.Көшенов
      Қарақия аудандық мәслихатының хатшысы А. Мееров

  Қарақия аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 2 шілдедегі
  № 42/418 шешіміне 1 қосымша

Қарақия ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын

      Қарақия ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын: Құрық ауылының Досан батыр көшесінде орналасқан орталық алаң.

      Шерулер мен демонстрациялар өткізу маршруты: Құрық ауылының Досан батыр көшесіндегі "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Қазынашылық департаментінің Қарақия аудандық қазынашылық басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің ғимаратынан бастап "Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ғимаратына дейінгі автокөлік жолы.

  Қарақия аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 2 шілдедегі
  № 42/418 шешіміне 2 қосымша


Қарақия ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібі, оның шекті толу нормасы, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Осы Қарақия ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды пайдалану тәртібі, оның шекті толу нормасы, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңына (әрі қарай – Заң) сәйкес әзірленді.

      2. Қарақия ауданы әкімдігі бейбіт жиналыстарды (митингілер, шерулер, пикеттер, демонстрациялар) ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орынды бейнебақылау камераларымен, оның ішінде бейнетіркеу мобильді кешендерімен, орындықтармен, жарықтандырумен, санитарно-гигиеналық тораптармен, турникетпен және қоқыс үшін жәшіктермен қамтамасыз етеді.

      3. Бейбіт жиналыстарды (митингілер, шерулер, пикеттер, демонстрациялар) ұйымдастыру және өткізу үшін шекті толу нормасы мың адамнан аспайды.

      4. Бейбіт жиналыстарды өткізуді материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді оларды ұйымдастырушы мен қатысушылар өз қаражаты есебінен, сондай-ақ осы бейбіт жиналыстарды өткізу үшін жиналған және (немесе) берілген қаражат пен мүлік есебінен, егер Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында өзгеше белгіленбесе, жүзеге асырады.

      5. Қарақия ауданы әкімдігінің келісімінсіз бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орында киіз үйлер, шатырлар, өзге де құрылыс жайлар орнатуға тыйым салынады.

  Қарақия аудандық мәслихатының
  2020 жылғы 2 шілдедегі
  № 42/418 шешіміне 3 қосымша

Қарақия ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      1. Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының (әрі қарай – Заң) 9 бабының 5 тармағында көрсетілген орындарда пикеттеуді өткізуге тыйым салынады.

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 876 "Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту туралы" қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілерінің, сонымен қатар Заңның 9 бабының 5 тармағында көрсетілген нысандарының қызметіне кедергі келтірмеу мақсатында, көрсетілген нысандардың 500 метр радиусында пикеттеуді өткізуге тыйым салынады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады