Әкімдіктің 2017 жылғы 21 маусымдағы № 311 "Қостанай облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2020 жылғы 16 қыркүйектегі № 323 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 қыркүйекте № 9454 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2021 жылғы 21 маусымдағы № 283 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 21.06.2021 № 283 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 5 және Қостанай облыстық мәслихатының 2019 жылғы 18 желтоқсандағы № 456 "Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8826 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Қостанай облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесін айқындау туралы" 2017 жылғы 21 маусымдағы № 311 қаулысына (2017 жылғы 24 шілдеде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7134 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен айқындалған Қостанай облысының тірек ауылдық елді мекендерінің тізбесінде:

      реттік нөмірлері 13, 14-жолдар жаңа редакцияда жазылсын:

      "

13

Қамысты

-

Алтынсарин ауылы

14

-

Бестөбе ауылы

      ";

      реттік нөмірлері 30, 31-жолдар жаңа редакцияда жазылсын:

      "

30

Сарыкөл

-

Барвиновка ауылы

31

Комсомол

Комсомол ауылы

      ";

      реттік нөмірлері 39, 40-жолдар жаңа редакцияда жазылсын:

      "

39

Арқалық қаласы

Ашутасты

Ашутасты ауылы

40

-

Фурманов ауылы

      ".

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі А. Мухамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады