Мәслихаттың 2013 жылғы 7 қазандағы № 171 "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2020 жылғы 13 наурыздағы № 457 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 наурызда № 9034 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 2021 жылғы 1 қарашадағы № 62 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы мәслихатының 01.11.2021 № 62 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес Қостанай қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы" 2013 жылғы 7 қазандағы № 171 шешіміне (2013 жылғы 12 қарашада "Біздің Қостанай" газетінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4281 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің 2-тармағының 4) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "4) оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу үшін алушы мынадай құжаттарды ұсынады:

      өтініш;

      алушының жеке басын куәландыратын құжат;

      психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;

      мүгедектігі туралы анықтама;

      банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат;

      мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы.

      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары және көшірмелері ұсынылады, одан кейін құжаттардың түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, Қостанай қалалық мәслихатының хатшысы Б. Сандыбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады