Әкімдіктің 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 756 "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай жылытуэнергетикалық компаниясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына жер учаскелеріне қауымдық сервитутты белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 16 қарашадағы № 1970 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 қарашада № 9556 болып тіркелді

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, Қостанай облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 2 және Қостанай облысы мәслихатының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі № 426 "Қостанай қаласының құрамдас бөліктерін атау және қайта атау туралы" бірлескен қаулысы мен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8656 болып тіркелген) сәйкес Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әкімдіктің "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Қостанай қаласы әкімдігінің "Қостанай жылытуэнергетикалық компаниясы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнына жер учаскелеріне қауымдық сервитутты белгілеу туралы" 2019 жылғы 16 сәуірдегі № 756 қаулысына (2019 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8371 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      қазақ тіліндегі қаулы қосымшасының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "1. Тәуелсіздік, Ғ. Қайырбеков, Пушкин, И. Сьянов көшелері шекараларындағы орамішілік жылу желілері, көлемі 0,2712 гектар;";

      қаулы қосымшасының 5-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5. Победа, А. Бородин көшелері, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы шекараларындағы орамшілік жылу желілері, көлемі 1,0208 гектар;";

      қаулы қосымшасының 6-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "6. А. Бородин, Ш. Уәлиханов, Шайсұлтан Шаяхметов көшелері шекараларындағы орамішілік жылу желілері, көлемі 0,4908 гектар;";

      қазақ тіліндегі қаулы қосымшасының 11-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "11. Тәуелсіздік, Пушкин, А. Байтұрсынов, М. Дулатов көшелері шекараларындағы орамшілік жылу желілері, көлемі 0,5107 гектар;";

      қаулы қосымшасының 15-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "15. Тәуелсіздік, Пушкин, Урицкий, Железнодорожная көшелері шекараларындағы орамішілік жылу желілері және Әл-Фараби даңғылы, Тәуелсіздік, Урицкий, Шайсұлтан Шаяхметов көшелері шекараларындағы орамшілік жылу желілері, көлемі 1,2859 гектар;";

      қаулы қосымшасының 18-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "18. Әл-Фараби даңғылы, Тәуелсіздік, Перронная, А. П. Чехов, Шайсұлтан Шаяхметов көшелері шекараларындағы орамішілік жылу желілері, көлемі 0,6525 гектар;";

      қазақ тіліндегі қаулы қосымшасының 21-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "21. В. Чкалов көшесі бойындағы, Абай даңғылы, Генерал Арыстанбеков көшесі шекараларындағы жылу желілері, көлемі 0,7248 гектар;";

      қазақ тіліндегі қаулы қосымшасының 29-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "29. Әл-Фараби даңғылы, Дзержинский, Тәуелсіздік, Б. Майлин көшелері шекараларындағы орамішілік жылу желілері, көлемі 0,2508 гектар;";

      қазақ тіліндегі қаулы қосымшасының 35-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "35. Уральская көшесіндегі жылу магистралі, көлемі 0,2907 гектар;";

      қазақ тіліндегі қаулы қосымшасының 36-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "36. С. Мәуленов көшесіндегі жылу магистралі, көлемі 0,1480 гектар;";

      қаулы қосымшасының 37-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "37. Омар Досжанов көшесіндегі жылу магистралі, көлемі 0,1908 гектар;";

      орыс тіліндегі қаулы қосымшасының 44-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      қаулы қосымшасының 45-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "45. Тәуелсіздік, Пушкин көшелері, Абай даңғылы, Ғ. Қайырбеков көшесі шекараларындағы орамішілік жылу желілері, көлемі 3,6599 гектар;";

      қаулы қосымшасының 49-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "49. Б. Майлин, Вокзальная, Победа көшелері, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы шекараларындағы орамішілік жылу желілері, көлемі 1,1944 гектар;";

      орыс тіліндегі қаулы қосымшасының 51-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      орыс тіліндегі қаулы қосымшасының 53-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      орыс тіліндегі қаулы қосымшасының 54-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      қаулы қосымшасының 56-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "56. А. П. Чехов, С. Баймағамбетов, Гоголь көшелері, Әл-Фараби даңғылы шекараларындағы орамішілік жылу желілері, көлемі 1,8344 гектар;";

      орыс тіліндегі қаулы қосымшасының 60-тармағы жаңа редакцияда жазылсын, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      2. "Қостанай қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай қаласы әкімінің міндетін атқарушы А. Касимов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады