Жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 11 ақпандағы № 23 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 17 ақпанда № 8975 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 24 қарашадағы № 260 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы әкімдігінің 24.11.2021 № 260 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71-1-бабы 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Жітіқара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Комаровское тау-кен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау операцияларын жүргізу үшін Жітіқара ауданы Тоқтаров ауылдық округінің аумағында орналасқан, жалпы алаңы 58,0937 гектар жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Жітіқара ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Жітіқара ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жітіқара ауданының әкімі А. Ибраев

Об установлении публичного сервитута на земельные участки

Постановление акимата Житикаринского района Костанайской области от 11 февраля 2020 года № 23. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 17 февраля 2020 года № 8975. Утратило силу постановлением акимата Житикаринского района Костанайской области от 24 ноября 2021 года № 260

      Сноска. Утратило силу постановлением акимата Житикаринского района Костанайской области от 24.11.2021 № 260 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с пунктом 2 статьи 71-1 Земельного кодекса Республики Казахстан от 20 июня 2003 года, подпунктом 10) пункта 1 статьи 31 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" акимат Житикаринского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Установить товариществу с ограниченной ответственностью "Комаровское горное предприятие" публичный сервитут на земельные участки, расположенные на территории Тохтаровского сельского округа Житикаринского района, общей площадью 58,0937 гектара для проведения операций по разведке полезных ископаемых.

      2. Государственному учреждению "Отдел земельных отношений акимата Житикаринского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата Житикаринского района после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Житикаринского района А. Ибраев