Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімінің 2020 жылғы 6 наурыздағы № 3 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 наурызда № 9005 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімінің 26.05.2020 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 1-тармағы 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағы 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" қаулысына сәйкес әкім ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Қарасу ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою басшысы болып Қарасу ауданы әкімінің орынбасары Балжакаев Ерлан Зылгариевич тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. "Қарасу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 19 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратылады.

      Қарасу ауданының әкімі В. Ионенко

Об объявлении чрезвычайной ситуации природного характера

Решение акима Карасуского района Костанайской области от 6 марта 2020 года № 3. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 6 марта 2020 года № 9005. Утратило силу решением акима Карасуского района Костанайской области от 26 мая 2020 года № 4

      Сноска. Утратило силу решением акима Карасуского района Костанайской области от 26.05.2020 № 4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В соответствии с подпунктом 13) пункта 1 статьи 33 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", статьей 48 и подпунктом 2) пункта 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 11 апреля 2014 года "О гражданской защите", постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июля 2014 года № 756 "Об установлении классификации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера" аким РЕШИЛ:

      1. Объявить чрезвычайную ситуацию природного характера местного масштаба на территории Карасуского района Костанайской области.

      2. Руководителем ликвидации чрезвычайной ситуации природного характера назначить заместителя акима Карасуского района Балжакаева Ерлана Зылгариевича и поручить провести соответствующие мероприятия, вытекающие из данного решения.

      3. Государственному учреждению "Аппарат акима Карасуского района" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего решения в территориальном органе юстиции;

      2) размещение настоящего решения на интернет – ресурсе акимата Карасуского района после его официального опубликования.

      4. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      5. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяет свое действие на отношения, возникшие с 19 февраля 2020 года.

      Аким Карасуского района В. Ионенко