Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 26 қарашадағы № 14 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 қарашада № 9599 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қарасу аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2020 жылғы 26 қазандағы № 01-21/334 ұсынысы негізінде Қарасу ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қостанай облысы Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округінің аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты:

      1) Қарасу ауылы мына мекенжайлар бойынша: Автомобилистов көшесі, 6 – үй, 2 - пәтер, Анищенко көшесі, 35 – үй, 2 - пәтер, В-Комсомольская көшесі, 10 - құрылыс, Дорожников көшесі, 4 – үй, 1 - пәтер, Исакова А көшесі, 36 - үй, Калинина көшесі, 9 - үй, Калинина көшесі, 10 – үй, 1 - пәтер, Комсомольская көшесі, 9 - үй, Мирная көшесі, 11 - үй, 1 - пәтер, Набережная көшесі, 10 – үй, 1 - пәтер, Набережная көшесі, 26 - үй, Привокзальная көшесі, 4 – үй, 2 - пәтер, Пролетарская көшесі, 3 - үй, 2 - пәтер, Пролетарская көшесі, 4 - үй, 2 - пәтер, Рабочая көшесі, 9 – үй, 2 - пәтер, Рабочая көшесі, 16 - үй, 2 - пәтер, Рамазанова көшесі, 25 – үй, 1 - пәтер, Рамазанова көшесі, 110 – үй, 1 - пәтер, Химиков көшесі, 1 - үй, 2 - пәтер;

      2) Восток ауылы мына мекенжайлар бойынша: Комсомольская көшесі, 11 – пәтер, 1 - пәтер, Мира көшесі, 28 – үй, 1 - пәтер, Набережная көшесі, 9 - үй, Новая көшесі, 4 – үй, 2 - пәтер, Новая көшесі, 6 - үй, Новая көшесі, 13 - үй, Октябрьская көшесі, 8 - үй, 1 - пәтер, Октябрьская көшесі, 10 – үй, 1 - пәтер, Пушкина көшесі, 8 - үй, Пушкина көшесі, 10 - үй, Садовая көшесі, 26 - үй, Северная көшесі, 14 – үй, 2 - пәтер, Северная көшесі, 16 - үй, 2 - пәтер, Степная көшесі, 2 – үй, 1 - пәтер, Степная көшесі, 9 - үй, Степная көшесі, 20 - үй шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қостанай облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті Қарасу аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша), "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң Қарасу аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) анықталған эпизоотия ошағында ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу үшін қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар жүргізу ұсынылсын.

      3. "Қарасу ауданы Қарасу ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғанынан кейін Қарасу ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарасу ауылдық округінің әкімі С. Магзумов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады