Әкімдіктің 2019 жылғы 16 мамырдағы № 119 "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 14 желтоқсандағы № 304 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 15 желтоқсанда № 9641 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 24 маусымдағы № 29 "Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы" Жарлығына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Әкімдіктің "Қазақтелеком" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы" 2019 жылғы 16 мамырдағы № 119 қаулысына (2019 жылғы 23 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған, Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 8456 болып тiркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының кіріспесінде және бүкіл мәтін бойынша "Таран ауданының", "Таран ауданы" сөз тіркестері "Бейімбет Майлин ауданының", "Бейімбет Майлин ауданы" деп ауыстырылсын.

      2. "Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К. Муржакупов

О внесении изменений в постановление акимата от 16 мая 2019 года № 119 "Об установлении публичного сервитута акционерному обществу "Казахтелеком"

Постановление акимата района Беимбета Майлина Костанайской области от 14 декабря 2020 года № 304. Зарегистрировано Департаментом юстиции Костанайской области 15 декабря 2020 года № 9641

      В соответствии с Указом Президента Республики Казахстан от 24 июня 2019 года № 29 "О переименовании Тарановского района Костанайской области" акимат района Беимбета Майлина ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата "Об установлении публичного сервитута акционерному обществу "Казахтелеком" от 16 мая 2019 года № 119 (опубликовано 23 мая 2019 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан, зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 8456) следующие изменения:

      в преамбуле и по всему тексту указанного постановления словосочетание "Тарановского района" заменить на "района Беимбета Майлина".

      2. Государственному учреждению "Отдел земельных отношений акимата района Беимбета Майлина" в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего постановления в территориальном органе юстиции;

      2) размещение настоящего постановления на интернет-ресурсе акимата района Беимбета Майлина после его официального опубликования.

      3. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на курирующего заместителя акима района.

      4. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким района К. Муржакупов