Мәслихаттың 2016 жылғы 20 мамырдағы № 17 "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2020 жылғы 17 қаңтардағы № 342 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 7 ақпанда № 8957 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 2020 жылғы 19 тамыздағы № 400 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы мәслихатының 19.08.2020 № 400 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" 1995 жылғы 17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Ұзынкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мәслихаттың "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларын бекіту туралы" 2016 жылғы 20 мамырдағы № 17 шешіміне (2016 жылғы 13 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6493 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу туралы қағидаларының 1, 2-қосымшалары осы шешімнің 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы И. Горбатенков
      Ұзынкөл аудандық мәслихатының хатшысы А. Бараншина

  Ұзынкөл
аудандық мәслихатының
2020 жылғы 17 қаңтардағы
№ 342 шешіміне
1-қосымша
  Жиналыстар, митингілер,
шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізуді
қосымша реттеу туралы
қағидаларына
1-қосымша

Жиналыстар және митингiлер өткізу орындары

№ р/с

Жиналыстар және митингiлер өткізу орындары

1

Абай көшесіндегі "Тәуелсіздік" саябағы

  Ұзынкөл
аудандық мәслихатының
2020 жылғы 17 қаңтардағы
№ 342 шешіміне
2-қосымша
  Жиналыстар, митингілер,
шерулер, пикеттер және
демонстрациялар өткізуді
қосымша реттеу туралы
қағидаларына
2-қосымша

Шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу маршруттары

№ р/с

Шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу маршруттары

1

Пушкин және Абылай хан көшелерінің қиылысынан, Абылай хан және Тоқбаев көшелерінің қиылысына дейін. Абылай хан және Тоқбаев көшелерінің қиылысынан Тоқбаев және Абай көшелерінің қиылысына дейін. Тоқбаев және Абай көшелерінің қиылысынан "Тәуелсіздік" саябағына дейін

2

Павлов және Абай көшелерінің қиылысынан "Тәуелсіздік" саябағына дейін


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады