Ақсу қаласы Қалқаман ауылдық округінің Қалқаман ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Павлодар облысы Ақсу қаласы Қалқаман ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 26 наурыздағы № 1-03/03 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 наурызда № 6771 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Қалқаман ауылдық округінің Қалқаман ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 13 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Қалқаман ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу қаласы Қалқаман ауылдық округінің Қалқаман ауылындағы келесі көшелері:

      "Серебрянская" көшесі "Бауыржан Момышұлы" көшесі болып;

      "Кутузов" көшесі "Қаныш Сәтбаев" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалқаман ауылдық округінің әкімі Н. Мусабеков

О переименовании некоторых улиц села Калкаман Калкаманского сельского округа города Аксу

Решение акима Калкаманского сельского округа города Аксу Павлодарской области от 26 марта 2020 года № 1-03/03. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 27 марта 2020 года № 6771

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 14 Закона Республики Казахстан от 8 декабря 1993 года "Об административно-территориальном устройстве Республики Казахстан", пунктом 2 статьи 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", с учетом мнения жителей села Калкаман Калкаманского сельского округа и на основании заключения областной ономастической комиссии от 13 декабря 2019 года, аким Калкаманского сельского округа РЕШИЛ:

      1. Переименовать следующие улицы в селе Калкаман Калкаманского сельского округа города Аксу:

      улицу "Серебрянская" на улицу "Бауыржан Момышұлы";

      улицу "Кутузова" на улицу "Қаныш Сәтбаев".

      2. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Аким Калкаманского сельского округа Н. Мусабеков