Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің Жолқұдық ауылының кейбір көшелерін қайта атау туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 1-03/04 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 наурызда № 6772 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына сәйкес, Алғабас ауылдық округінің Жолқұдық ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып және 2019 жылғы 13 желтоқсандағы облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Алғабас ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің Жолқұдық ауылындағы келесі көшелері:

      "Мир" көшесі "Қанаш Қамзин" көшесі болып;

      "Заводская" көшесі "Достық" көшесі болып;

      "Сахалинская" көшесі "Шоқан Уәлиханов" көшесі болып;

      "Рабочая" көшесі "Бірлік" көшесі болып;

      "Степная" көшесі "Абай Құнанбаев" көшесі болып қайта аталсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алғабас ауылдық округінің әкімі М. Валитов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады