Шектеу іс-шараларын тоқтату және Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 3 тамыздағы "Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің Жолқұдық ауылының Жаңамайдан, Достық, Школьная, Қанаш Қамзин, Гагарин, Абай Құнанбаев көшелерінің аумағына ірі қара малдың бруцеллез ауруы бойынша шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-04/05 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Павлодар облысы Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № 1-03/11 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 26 қарашада № 7046 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Ақсу қаласының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 4 қарашадағы № 2-19/673 ұсынысы негізінде, Алғабас ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің Жолқұдық ауылының Жаңамайдан, Достық, Школьная, Қанаш Қамзин, Гагарин, Абай Құнанбаев көшелерінің аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шараларын жүргізулуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 3 тамыздағы "Ақсу қаласы Алғабас ауылдық округінің Жолқұдық ауылының Жаңамайдан, Достық, Школьная, Қанаш Қамзин, Гагарин, Абай Құнанбаев көшелерінің аумағына ірі қара малдың бруцеллез ауруы бойынша шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-04/05 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6880 болып тіркелген, 2020 жылғы 5 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алғабас ауылдық округінің әкімі А. Рустемов

О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима Алгабасского сельского округа города Аксу от 3 августа 2020 года № 1-04/05 "Об установлении ограничительных мероприятий по бруцеллезу крупного рогатого скота на территории улиц Жанамайдан, Достық, Школьная, Қанаш Қамзин, Гагарина, Абай Құнанбаев села Жолкудук Алгабасского сельского округа города Аксу"

Решение акима Алгабасского сельского округа города Аксу Павлодарской области от 25 ноября 2020 года № 1-03/11. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 26 ноября 2020 года № 7046

      В соответствии с пунктом 2 статьи 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 8) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", подпунктом 4) пункта 2 статьи 46 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", на основании представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора города Аксу от 4 ноября 2020 года № 2-19/673, аким Алгабасского сельского округа РЕШИЛ:

      1. В связи с проведением комплекса ветеринарно-санитарных мероприятий по ликвидации болезни бруцеллез крупного рогатого скота снять ограничительные мероприятия, установленные на территории улиц Жанамайдан, Достық, Школьная, Қанаш Қамзин, Гагарина, Абай Құнанбаев села Жолкудук Алгабасского сельского округа города Аксу.

      2. Признать утратившим силу решение акима Алгабасского сельского округа города Аксу от 3 августа 2020 года № 1-04/05 "Об установлении ограничительных мероприятий по бруцеллезу крупного рогатого скота на территории улиц Жанамайдан, Достық, Школьная, Қанаш Қамзин, Гагарина, Абай Құнанбаев села Жолкудук Алгабасского сельского округа города Аксу" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6880, опубликованое 5 августа 2020 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким Алгабасского сельского округа А. Рустемов