Екібастұз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 23 қаңтардағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 220/26 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2020 жылғы 13 қарашадағы № 475/61 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 3 желтоқсанда № 7062 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 13 қазандағы № 79/8 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық мәслихатының 13.10.2023 № 79/8 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" № 504 қаулысына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Екібастұз қалалық мәслихатының 2018 жылғы 23 қаңтардағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудіңжәне Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" № 220/26 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5860 болып тіркелген, 2018 жылғы 21 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімімен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Екібастұз қалалық мәслихатының әлеуметтік, мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, Екібастұз қалалық мәслихатының хатшысы Б. Куспеков

  Екібастұз қалалық
мәслихатының
2020 жылғы 13 қарашасы
№ 475/61 шешіміне
қосымша
  Екібастұз қалалық
мәслихатының
2018 жылғы 23 қаңтардағы
№ 220/26 шешімімен
бекітілген

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж
азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың қағидалары

      Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Екібастұз қаласы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңына (бұдан әрі – Заң), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" (бұдан әрі - Үлгілік қағидалар) № 504 қаулысына сәйкес әзірленді.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Екібастұз қаласы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      3) ең төмен күнкөріс деңгейі – Павлодар облысындағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      4) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      6) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      7) уәкілетті орган – "Екібастұз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік мәселелер бөлімі" мемлекеттік мекемесі;

      8) уәкілетті ұйым – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Павлодар облысы бойынша филиалының әлеуметтік қамтамасыз ету бойынша Екібастұз қалалық бөлімі;

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін Екібастұз қаласы әкімінің шешімімен және Екібастұз қаласының ауылдық округ әкімдерінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      2. Осы Қағидаларда әлеуметтік көмек ретінде уәкілетті орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      3. Әлеуметтік көмекті төлеу уәкілетті органмен екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдар арқылы алушының банктік шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен көрсетіледі.

      4. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын) көрсетіледі.

      5. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерінің тізбесі:

      1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні;

      2) 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні;

      3) 7 мамыр – Отан қорғаушы күні;

      4) 9 мамыр – Жеңіс күні;

      5) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні;

      6) қыркүйектің екінші жексенбісі – Отбасы күні;

      7) қыркүйектің соңғы жексенбісі – Еңбек күні;

      8) 1 қазан – Қарттар күні;

      9) 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.

2-тарау. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының
тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің
мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      6. Әлеуметтік көмек келесі санаттардағы азаматтарға көрсетіледі:

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері:

      Ұлы Отан соғысына қатысушылар, атап айтқанда, Ұлы Отан соғысы кезеңінде, сондай-ақ бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағын (бұдан әрі – КСР Одағы) қорғау бойынша басқа да ұрыс операциялары кезiнде майдандағы армия мен флоттың құрамына кiрген әскери бөлiмдерде, штабтар мен мекемелерде қызмет өткерген әскери қызметшiлер, Ұлы Отан соғысының партизандары мен астыртын әрекет етушiлерi;

      2) басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері:

      2-1) бұрынғы КСР Одағының үкiметтік органдарының шешiмдерiне сәйкес басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңiз Флотының, Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетiнiң әскери қызметшiлерi, бұрынғы КСР Одағы Iшкi iстер министрлiгiнiң басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшiлердi қоса алғанда);

      2-2) оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде жiберiлген әскери мiндеттiлер;

      2-3) Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүрiп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткiзу үшiн жiберiлген автомобиль батальондарының әскери қызметшiлерi;

      2-4) Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен, не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшiлер;

      2-5) Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

      2-6) Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;

      3) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар:

      3-1) Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтар;

      3-2) Екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезеңiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерьлердегі, геттолардағы және басқа да мәжбүрлеп ұстау орындарындағы кәмелетке толмаған тұтқындар;

      3-3) 1986 – 1987 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдар;

      4) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар:

      4-1) бұрынғы КСР Одағын қорғау, әскери қызметтiң өзге де мiндеттерiн басқа кезеңдерде атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты, сондай-ақ Ауғанстанда немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттерде әскери қызметiн өткеру кезiнде ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлер;

      4-2) қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан не майданда болуына немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген мемлекеттерде қызметтік мiндеттерiн орындауына байланысты ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған бұрынғы КСР Одағының мемлекеттік қауіпсіздік органдарының және ішкі істер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;

      4-3) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың салдарынан мүгедек болған адамдар және мүгедектігі ата-анасының бiрiнiң радиациялық сәуле алуымен генетикалық байланысты олардың балалары;

      5) еңбек ардагерлері:

      5-1) Социалистік Еңбек Ерлері, үш дәрежелі Даңқ, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлері;

      5-2) "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдар;

      5-3) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар;

      5-4) 1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде алты ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi мен мiнсiз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар;

      6) Заңның күші қолданылатын басқа да адамдар:

      6-1) Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа да мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезiнде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауруға шалдығуы салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасылары;

      6-2) бейбiт уақытта әскери қызметiн өткеру кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшiлердiң отбасылары;

      6-3) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарларын жою кезiнде қаза тапқан адамдардың отбасылары;

      6-4) Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың салдарынан сәуле ауруына шалдығып қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердiң, сондай-ақ қайтыс болуы белгiленген тәртiппен солардың әсеріне байланысты болған азаматтардың отбасылары;

      6-5) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінiң немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестiрiлген адамның екiншi рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндердi қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушiнің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған жұбайы (зайыбы);

      6-6) 1988 – 1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдар;

      7) зейнеткерлік жасқа толған, зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төменгі мөлшерін немесе зейнетақының және (немесе) жәрдемақының ең төменгі мөлшерінен төмен алатын тұлғалар:

      7-1) зейнеткерлік жасқа толған тұлғалар;

      7-2) 80 және одан жоғары жастағы зейнеткерлер;

      8) мүгедектер, атап айтқанда:

      8-1) 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;

      8-2) бірінші және екінші топтағы мүгедектер;

      8-3) кәмелетке толмаған балалары бар мүгедектер;

      8-4) аймақтық, республикалық, халықаралық спорттық іс-шараларға қатысатын мүгедектер;

      8-5) санаторлық-курорттық емделуді қажет ететін бірінші топтағы мүгедектер, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;

      8-6) жүктілік мерзімінде 12 аптаға дейін есепке тұрған мүгедек әйелдер;

      8-7) 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеуші отбасылар;

      9) студенттер, атап айтқанда:

      9-1) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында және Екібастұз қаласының колледждерінде оқу ақысына әлеуметтік көмек алушы студенттер;

      9-2) Екібастұз қаласының колледждерінде оқитын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім-балалар қатарындағы студенттер;

      10) әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын азаматтар, атап айтқанда:

      10-1) онкологиялық аурудан зардап шегетін тұлғалар;

      10-2) туберкулездің әртүрлі түрлерінен зардап шегетін тұлғалар;

      10-3) адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы ауруымен ауыратын тұлғалар;

      10-4) адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышы ауруымен ауыратын 16 жасқа дейінгі балалар;

      11) аз қамтылған азаматтар, атап айтқанда:

      11-1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын көп балалы аналар (отбасылар);

      11-2) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің бір мөлшерінен аспайтын бір айға созылған дертке, жедел араласуды талап ететін дертке байланысты өмірлік қиын жағдайға тап болған және жедел немесе жоспарлы хирургиялық ота жасатқан азаматтар;

      11-3) жүктілік мерзімде 12 аптаға дейін есепке тұрған, жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен аспайтын аз қамтылған отбасынан шыққан әйелдер;

      12) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар;

      13) табиғи апаттың (су тасқыны) немесе өрттің салдарынан мүлікке зиян келуіне байланысты өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтар (меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (пәтер, үй) бар азаматтарды қоспағанда);

      14) сотпен немесе Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы" Заңында белгіленген тәртіппен саяси қуғын-сүргіндер құрбаны немесе саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен деп танылған азаматтар.

      7. Уәкілетті орган әлеуметтік көмекті табысты есептемей көрсетеді:

      1) атаулы күндер мен мерекелік күндерге бір жолғы әлеуметтік көмек:

      1-1) Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығару күніне орай уәкілетті ұйымның ұсынған тізімі негізінде осы Қағидалардың 6-тармағы 2-1), 2-2), 2-3), 2-4), 6-1) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін;

      1-2) Халықаралық әйелдер күніне орай уәкілетті органның тізімі негізінде осы Қағидалардың 6-тармағы 11-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін;

      1-3) Отан қорғаушы күніне орай уәкілетті ұйымның ұсынған тізімі негізінде осы Қағидалардың 6-тармағы 2-5), 6-2) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін;

      1-4) Жеңіс күніне орай уәкілетті ұйымның ұсынған тізімі негізінде осы Қағидалардың 6-тармағы 1), 2-6), 3-1), 3-2), 3-3), 4-1), 4-2), 4-3), 5-3), 5-4), 6-3), 6-4), 6-5), 6-6) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін;

      1-5) Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай уәкілетті ұйымның ұсынған тізімі негізінде осы Қағидалардың 6-тармағы 14) тармақшасында көрсетілген санат үшін;

      1-6) Отбасы күніне орай уәкілетті ұйымның ұсынған тізімі негізінде осы Қағидалардың 6-тармағы 8-7) тармақшасында көрсетілген санат үшін;

      1-7) Еңбек күніне орай уәкілетті ұйымның ұсынған тізімі негізінде осы Қағидалардың 6-тармағы 5-1), 5-2) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін;

      1-8) Қарттар күніне орай уәкілетті ұйымның ұсынған тізімі негізінде осы Қағидалардың 6-тармағы 7-1), 7-2) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін;

      1-9) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай уәкілетті ұйымның ұсынған тізімі негізінде осы Қағидалардың 6-тармағы 8-1), 8-2), 8-3) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін;

      2) біржолғы әлеуметтік көмек:

      2-1) осы Қағидалардың 6-тармағы 2-1), 2-2), 2-3), 2-4), 2-5), 2-6), 3-3), 4-1), 4-3), 6-6) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін тіс протездеуге 25 (жиырма бес) айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде – өтініштің, жеке басын куәландыратын құжаттың, алушының мәртебесін растау құжаты, орындалған жұмыстар актісі негізінде;

      2-2) осы Қағидалардың 6-тармағы 2-1), 2-2), 2-3), 2-4), 2-5), 2-6), 3-3), 6-6) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін санаторлық-курорттық емделуге (жолына, тамақтануына және тұруына) 45 (қырық бес) АЕК мөлшерінде - өтініштің, жеке басын куәландыратын құжаттың, алушының мәртебесін растау құжаты, жүкқұжат, шот-фактура негізінде;

      2-3) осы Қағидалардың 6-тармағы 8-3) тармақшасында көрсетілген санат үшін дәрі-дәрмек сатып алуға 5 (бес) АЕК мөлшерінде - өтініштің, жеке басын куәландыратын құжаттың, мүгедектігі туралы анықтама, балалардың туу туралы куәліктері негізінде;

      2-4) осы Қағидалардың 6-тармағы 8-4) тармақшасында көрсетілген санат үшін аймақтық, республикалық, халықаралық жарыстарға қатысқаны үшін 15 (он бес) АЕК мөлшерінде "Екібастұз қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің келісімі бойынша уәкілетті органның тізімі негізінде;

      2-5) осы Қағидалардың 6-тармағы 8-5) тармақшасында көрсетілген санат үшін еріп жүретін адамның тамақтануы, жол жүруі және тұруына (сауықтыруға) 40 (қырық) АЕК мөлшерінде - өтініштің, жеке басын куәландыратын құжаттың, мүгедектігі туралы анықтама, оңалтудың жеке бағдарламасы, түбіртектер, шот-фактура негізінде;

      2-6) осы Қағидалардың 6-тармағы 8-6) тармақшасында көрсетілген санат үшін 15 (он бес) АЕК мөлшерінде өтініштің, жеке басын куәландыратын құжаттың, мүгедектігі туралы анықтама, 12 аптаға дейін жүктілік бойынша есепке тұру туралы медициналық анықтама негізінде;

      2-7) осы Қағидалардың 6-тармағы 9-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарында, сондай-ақ Екібастұз қаласының колледждерінде нақты оқу ақысын төлеуге уәкілетті органның тізімі, білім беру қызметтерін көрсетуге арналған Екібастұз қаласының әкімі, жоғары оқу орны немесе колледж басшысының және студенттің қолдары қойылған үш жақты шарт негізінде;

      2-8) осы Қағидалардың 6-тармағы 10-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін диспансерлік есепте тұрғандарға емделуге 7 (жеті) АЕК мөлшерінде - өтініштің, жеке басын куәландыратын құжаттың, ауруын растайтын дәрігерлік-кеңес комиссиясының қорытындысы негізінде;

      2-9) осы Қағидалардың 6-тармағы 10-3) тармақшасында көрсетілген санат үшін диспансерлік есепте тұрғандарға емделуге 7 (жеті) АЕК мөлшерінде - Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Екібастұз бөлімшесі ұсынған тізімі негізінде;

      2-10) осы Қағидалардың 6-тармағы 12) тармақшасында көрсетілген санат үшін оңалтуға 5 (бес) АЕК мөлшерінде Екібастұз қаласының ішкі істер басқармасы ұсынған тізімнің негізінде;

      2-11) осы Қағидалардың 6-тармағы 13) тармақшасында көрсетілген санат үшін 50 (елу) АЕК мөлшерінде өтініштің, жеке басын куәландыратын құжаттың, өмірде қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және/немесе құжат, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың жоқ (бар) екендігі туралы анықтама (1 бірлік тұрғын үй болған жағдайда) негізінде. Әлеуметтік көмекке өтініш жасау мерзімі – өмірлік қиын жағдай туындалған кезден бастап алты ай ішінде;

      3) ай сайынғы әлеуметтік көмек:

      3-1) осы Қағидалардың 6-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін дәрі-дәрмек сатып алуға 1 (бір) АЕК мөлшерінде - уәкілетті органның тізімі негізінде;

      3-2) осы Қағидалардың 6-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген санат үшін тұрғын үй-коммуналдық және телефонның абоненттiк қызметтері бойынша шығындарды өтеуге 5 (бес) АЕК мөлшерінде - уәкілетті органның тізімі негізінде;

      3-3) осы Қағидалардың 6-тармағы 9-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарында оқыған кезеңінде тұруына, тамағы мен тұрғылықты жері бойынша жолақысына 15235 (он бес мың екі жүз отыз бес) теңге мөлшерінде, Екібастұз қаласының колледждерінде (тек ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім-балаларға) 12188 (он екі мың жүз сексен сегіз) теңге мөлшерінде уәкілетті органның тізімі негізінде;

      3-4) осы Қағидалардың 6-тармағы 9-2) тармақшасында көрсетілген санат үшін оқу кезеңінде қалаішілік жолаушылар көлігінде жол жүруге толық жол жүру билеті құнының 50 пайыз мөлшерінде өтініштің, жеке басын куәландыратын құжат, туу туралы куәлік, ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлігі, қорғаншы белгілеу туралы қаулы (ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар үшін), оқу орнынан анықтама негізінде;

      3-5) осы Қағидалардың 6-тармағы 10-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін шаруашылық жүргізу құқығындағы "Павлодар облыстық онкологиялық диспансері" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны және тұрғылықты орнына кері қайтуға жол жүру билеттері құнының нақты мөлшерінде - өтініштің, жеке басын куәландыратын құжат, емделу, зерттеу немесе кеңес беру туралы онколог-дәрігер берген үзінді көшірмесі немесе анықтама негізінде тиісті орынға және тұрақты орнына қайта қайтуға автомобиль немесе теміржол көлігінде қолданылған жол жүру билеттері негізінде;

      3-6) осы Қағидалардың 6-тармағы 10-2) тармақшасында көрсетілген санат үшін амбулаториялық емделу кезеңіне 7 (жеті) АЕК мөлшерінде - Екібастұз қалалық емханалары ұсынған тізімнің негізінде;

      3-7) осы Қағидалардың 6-тармағы 10-4) тармақшасында көрсетілген санат үшін Қазақстан Республикасы бойынша екі еселенген күнкөріс мөлшерінде - Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Павлодар облыстық ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Екібастұз бөлімшесі ұсынған тізім негізінде;

      3-8) осы Қағидалардың 6-тармағы 9-1) тармақшасында көрсетілген санат үшін Екібастұз қаласының қала ішілік жолаушылар көлігімен жүруге (аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан студенттерге) толық жол жүру билетінің 50 пайыз мөлшерінде уәкілетті органның тізімі негізінде;

      4) тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек:

      4-1) осы Қағидалардың 6-тармағы 2-1), 2-2), 2-3), 2-4), 2-5), 2-6), 3-3), 4-1), 4-3), 6-6) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін сауықтыруға 2 (екі) АЕК мөлшерінде - уәкілетті ұйымның ұсынған тізімі негізінде;

      4-2) осы Қағидалардың 6-тармағы 2-1), 2-2), 2-3), 2-4), 2-5), 2-6), 3-1), 3-2), 3-3), 4-1), 4-3), 6-6) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін тұрғын үй коммуналдық қызметтері бойынша шығындарды төлеуге 3,6 (үш бүтін оннан алты) АЕК мөлшерінде - уәкілетті ұйымның ұсынған тізімі негізінде;

      8. Уәкілетті орган табыстарын ескере отырып әлеуметтік көмек көрсетеді:

      1) біржолғы әлеуметтік көмек:

      1-1) осы Қағидалардың 6-тармағы 11-2) тармақшасында көрсетілген санат үшін жедел араласудан кейін емделуге немесе оңалтуға 15 (он бес) АЕК мөлшерінде - өтініштің, жеке басын куәландыратын құжат, адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді, Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы "Екібастұз қалалық ауруханасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны дәрігерлік-кеңес комиссиясының анықтамасы, арнайы комиссияның қорытындысы негізінде. Әлеуметтік көмекке өтініш жасау мерзімі - өмірлік қиын жағдай туындалған кезден бастап алты ай ішінде;

      1-2) осы Қағидалардың 6-тармағы 11-3) тармақшасында көрсетілген санат үшін 15 (он бес) АЕК мөлшерінде - өтініштің, жеке басын куәландыратын құжат, адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді, емханаға тіркелген жері бойынша дәрігерлік-кеңес комиссиясының анықтамасы негізінде.

      9. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері жергілікті атқарушы органның келісімі бойынша бірыңғай мөлшерде белгіленеді.

      10. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3-тарау. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      11. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер Үлгілік қағидалардың 12-27-тармақтары негізінде анықталады.

4-тарау. Қорытынды ереже

      12. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады