Май ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібін, олардың шекті толу нормаларын, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды, пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекараларын айқындау туралы

Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 1/67 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2021 жылғы 5 қаңтарда № 7154 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 25 мамырдағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңының 8-бабы 2-тармағының 1), 2) тармақшаларына сәйкес, Май аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Май ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар айқындалсын.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Май ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары айқындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың экономика және бюджеттік саясат, заңдылық пен адам құқығын қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Май аудандық мәслихатының сессия төрағасы Қ. Ботабай
      Май аудандық маслихатының хатшысы Г. Арынов

  Май аудандық мәслихатының
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1/67 шешіміне
1 - қосымша

Май ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру
және өткізу үшін арнайы орындар, бейбіт жиналыстарды
ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды
пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары,
бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін
арнайы орындарды материалдық-техникалық және
ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар

      1. Май ауданында жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орын:

      Көктөбе ауылының Қазыбек би көшесі бойынша орналасқан Жеңіс паркінің алаңы. Жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін шекті толу нормасы - сексен адам.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 27.04.2021 № 5/4 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Демонстрациялар, шерулер нысанында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін маршрут:

      Көктөбе ауылының Қазыбек би көшесі ( Ш. Уәлиханов көшесінен Әйтеке би көшесіне дейін). Шекті толу нормасы - сексен адам.

      3. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды пайдалану тәртібі:

      1) өтініште көрсетілген уақыт ішінде арнайы орын аумағында болу;

      2) ғимараттардың, құрылыстардың, шағын сәулет нысандарының, жасыл екпелердің, сондай-ақ өзге де мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;

      3) санитариялық нормалар мен қауіпсіздік техникасының қағидаларын, Қазақстан Республикасының қоғамдық құқық тәртібін сақтау жөніндегі заңнамасын сақтау.

      4. Бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін арнайы орындарды материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар:

      1) көше жарықтандыруының болуы;

      2) бейнебақылау камераларының болуы;

      3) тұрақ орындарымен қамтамасыз етілуі.

  Май аудандық мәслихатының
2020 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 1/67 шешіміне
2 - қосымша

Май ауданында пикеттеуді өткізуге тыйым салынған іргелес аумақтардың шекаралары

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 17.01.2024 № 1/10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Пикеттеуді мынадай объектілердің іргелес жатқан аумақтарының шекарасынан 800 метр қашықтықта:

      1) жаппай жерлеу орындарында;

      2) теміржол, су және автомобиль көлігі объектілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда;

      3) мемлекеттің қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдарға іргелес жатқан аумақтарда;

      4) қауіпті өндірістік объектілерге және пайдалануы арнайы қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтауды талап ететін өзге де объектілерге іргелес жатқан аумақтарда;

      5) магистральдық теміржол желілерінде, магистральдық құбыржолдарда, ұлттық электр желісінде, магистральдық байланыс желілерінде және оларға іргелес жатқан аумақтарда жүргізуге жол берілмейді.

Об определении специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, порядка использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, норм их предельной заполняемости, а также требований к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, границ прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Майском районе

Решение Майского районного маслихата Павлодарской области от 30 декабря 2020 года № 1/67. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 5 января 2021 года № 7154.

      В соответствии с подпунктами 1), 2) пункта 2 статьи 8 Закона Республики Казахстан от 25 мая 2020 года "О порядке организации и проведения мирных собраний в Республике Казахстан", Майский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Определить специализированные места для организации и проведения мирных собраний в Майском районе, порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, а также требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний согласно приложению 1 к настоящему решению.

      2. Определить границы прилегающих территорий, в которых запрещено проводить пикетирования в Майском районе согласно приложению 2 к настоящему решению.

      3. Контроль за исполнением настоящего решения возложить на постоянную комиссию районного маслихата по экономике и бюджетной политике, законности и защите прав человека.

      4. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии Майского районного маслихата Қ. Ботабай
      Секретарь Майского районного маслихата Г. Арынов

  Приложение 1
к решению Майского
районного маслихата
от 30 декабря 2020 года
№ 1/67

Специализированные места для организации и проведения мирных собраний в
Майском районе, порядок использования специализированных мест для организации и
проведения мирных собраний, нормы их предельной заполняемости, требования
к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных
мест для организации и проведения мирных собраний

      1. Специализированное место для организации и проведения мирных собраний в Майском районе в форме собрания, митинга:

      площадь парка Победы, расположенный по улице Казыбек би села Коктобе. Норма предельной заполняемости для организации и проведения мирных собраний в форме собрания, митинга-восемьдесят человек.

      Сноска. Пункт 1 - в редакции решения Майского районного маслихата Павлодарской области от 27.04.2021 № 5/4 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Маршрут для организации и проведения мирных собраний в форме демонстраций, шествий:

      улица Казыбек би села Коктобе (от улицы Ш. Валиханова до улицы Айтеке би). Норма предельной заполняемости - восемьдесят человек.

      3. Порядок использования специализированных мест для организации и проведения мирных собраний:

      1) нахождение на территории специализированного места в течение времени, указанного в заявлении;

      2) обеспечение сохранности зданий, сооружений, малых архитектурных форм, зеленых насаждений, а также иного имущества;

      3) соблюдение санитарных норм и правил техники безопасности, законодательства Республики Казахстан по соблюдению общественного правопорядка.

      4. Требования к материально-техническому и организационному обеспечению специализированных мест для организации и проведения мирных собраний:

      1) наличие уличного освещения;

      2) наличие камер видеонаблюдения;

      3) обеспеченность парковочными местами.

  Приложение 2
к решению Майского
районного маслихата
от 30 декабря 2020 года
№ 1/67

Границы прилегающих территорий, в которых запрещено проведение пикетирования в Майском районе

      Сноска. Приложение 2 - в редакции решения Майского районного маслихата Павлодарской области от 17.01.2024 № 1/10 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Не допускается проведение пикетирования на расстоянии 800 метров от границ прилегающих территорий следующих объектов:

      1) мест массовых захоронений;

      2) объектов железнодорожного, водного и автомобильного транспорта и прилегающих к ним территориях;

      3) на территориях, прилегающих к организациям, обеспечивающих обороноспособность, безопасность государства и жизнедеятельность населения;

      4) на территориях, прилегающих к опасным производственным объектам и иным объектам, эксплуатация которых требует соблюдения специальных правил техники безопасности;

      5) на магистральных железнодорожных сетях, магистральных трубопроводах, национальной электрической сети, магистральных линиях связи и прилегающих к ним территориях.