Шектеу іс-шараларын тоқтату және Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 тамыздығы "Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің Кемеңгер ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-03-4 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Павлодар облысы Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № 1-03-7 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 26 қарашада № 7045 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Павлодар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2020 жылғы 2 қарашадағы № 2-36/340 ұсынысы негізінде, Кемеңгер ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің Кемеңгер ауылының аумағында ірі қара малдың бруцеллез ауруын жою бойынша кешенді ветеринариялық-санитарлық іс-шаралардың жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 25 тамыздағы "Павлодар ауданы Кемеңгер ауылдық округінің Кемеңгер ауылының аумағында шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" № 1-03-4 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6927 болып тіркелген, 2020 жылғы 27 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Кемеңгер ауылдық округінің әкімі А. Вакпаев

О снятии ограничительных мероприятий и признании утратившим силу решения акима сельского округа Кемеңгер Павлодарского района от 25 августа 2020 года № 1-03-4 "Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Кемеңгер сельского округа Кемеңгер Павлодарского района"

Решение акима сельского округа Кемеңгер Павлодарского района Павлодарской области от 25 ноября 2020 года № 1-03-7. Зарегистрировано Департаментом юстиции Павлодарской области 26 ноября 2020 года № 7045

      В соответствии с пунктом 2 статьи 35 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 8) статьи 10-1 Закона Республики Казахстан от 10 июля 2002 года "О ветеринарии", подпунктом 4) пункта 2 статьи 46 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", на основании представления главного государственного ветеринарно-санитарного инспектора Павлодарского района от 2 ноября 2020 года № 2-36/340, аким сельского округа Кемеңгер РЕШИЛ:

      1. В связи с проведением комплекса ветеринарно-санитарных мероприятий по ликвидации болезни бруцеллеза крупного рогатого скота снять ограничительные мероприятия, установленные на территории села Кемеңгер сельского округа Кемеңгер Павлодарского района.

      2. Признать утратившим силу решение акима сельского округа Кемеңгер Павлодарского района от 25 августа 2020 года № 1-03-4 "Об установлении ограничительных мероприятий на территории села Кемеңгер сельского округа Кемеңгер Павлодарского района" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6927, опубликованное 27 августа 2020 года в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде).

      3. Контроль за исполнением настоящего решения оставляю за собой.

      4. Настоящее решение вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

      Аким сельского округа Кемеңгер А. Вакпаев