Павлодар облысы Успен ауданы Қозыкеткен ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2020 жылғы 15 шілдедегі № 301/61 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 30 шілдеде № 6878 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 қыркүйектегі № 42 /7 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 25.09.2023 № 42/7 (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен соң он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 21.12.2022 № 143/24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Успен аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      Ескерту. Преамбула жаңа редакцияда - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 21.12.2022 № 143/24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Павлодар облысы Успен ауданы Қозыкеткен ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 21.12.2022 № 143/24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. Павлодар облысы Успен ауданы Қозыкеткен ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 21.12.2022 № 143/24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. Успен аудандық мәслихатының 2015 жылғы 10 сәуірдегі "Успен ауданы Қозыкеткен ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің санын бекіту туралы" № 245/44 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4426 болып тіркелген, 2015 жылғы 24 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Успен аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат және заңдылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Успен аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы Ж. Бараисов
      Успен аудандық мәслихатының хатшысы Р. Бечелова

  Успен аудандық
мәслихатының
2020 жылғы 15 шілдесі
№ 301/61 шешімімен
бекітілген

Павлодар облысы Успен ауданы Қозыкеткен ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 21.12.2022 № 143/24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Павлодар облысы Успен ауданы Қозыкеткен ауылдық округінің аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 1, 6-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және Павлодар облысы Успен ауданы Қозыкеткен ауылдық округінің аумағында көшелер тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

      2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округ аумағы учаскелерге (көшелер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны көшелерден үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Павлодар облысы Успен ауданы Қозыкеткен ауылдық округі әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі) шақырады және ұйымдастырады.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауылдық округ әкімі оны өткізетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен (Қозыкеткен ауылдық округінде орналасқан ақпараттық стендтерде хабарландырулар, Instagram, WhatsApp әлеуметтік желілер арқылы жарияландырулар) хабарлайды.

      7. Көшелер шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті көшелердің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы көшелерде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.

      9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

      10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

      11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол екі жұмыс күні ішінде Успен ауданы Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппаратына беріледі.

  Успен аудандық
мәслихатының 2022 жылғы
21 желтоқсандағы
№ 143/24 шешіміне
2-қосымша

Павлодар облысы Успен ауданы Қозыкеткен ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін көшелер тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

      Ескерту. Шешім 2-қосымшамен толықтырылды - Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 21.12.2022 № 143/24 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

Көше атауы

Көше тұрғындары өкілдерінің саны (адам)

1

Қозыкеткен ауылының тұрғындары үшін:

Тойкен қажы, Жалайыр көшелері

3

Абай, Жамбыл Жабаев көшелері

1

Торайғыров көшесі

2

Алтынсарин, Победа көшелері

1

Иса Байзақов, Аманат көшелері

1

Атамекен көшесі

1

2

Ковалев ауылының тұрғындары үшін:

Мир көшесі

2

Абай көшесі

2

Ақпан көшесі

1

Остапенко көшесі

1

Тәуелсіздік көшесі

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады