Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 2/103 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2020 жылғы 6 сәуірде № 1617 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 28 наурыздағы № 154 "Экономиканы тұрақтандыру жөніндегі одан арғы шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2020 жылғы 16 наурыздағы № 287 Жарлығын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 наурыздағы № 126 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" қаулысына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының ішкі нарықта айналысқа жіберуі үшін мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының мынадай шарттары, көлемі және нысаналы мақсаты айқындалсын:

      1) шарттар:

      мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жылы – 2020 жыл;

      бағалы қағаздардың түрі – төтенше жағдай қолданылған кезеңде айқындалған Жұмыспен қамту жол картасының іс-шараларын қаржыландыру үшін республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы шығаратын мемлекеттік бағалы қағаздар;

      2) көлемі - 75 040 000 000 (жетпіс бес миллиард қырық миллион) теңгеден аспайтын;

      3) нысаналы мақсаты – төтенше жағдай қолданылған кезеңде айқындалған Жұмыспен қамту жол картасын қаржыландыру.

      2. Алматы қаласы Стратегия және бюджет басқармасы заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік бағалы қағаздардың шығарылуын қамтамасыз етсін.

      3. "Алматы қаласы жергілікті атқарушы органының мемлекеттік бағалы қағаздар шығаруының шарттарын, көлемін және нысаналы мақсатын айқындау туралы" қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары І.Е. Өсеровке жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Сагинтаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады