Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған Алматы қаласында тұратын азаматтарға Санкт-Петербург қаласына баруға кететін шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік көмек туралы

Жаңа

LXVIII сайланған Алматы қаласы мәслихатының LХVIII сессиясының 2020 жылғы 9 қазандағы № 488 шешiмi. Алматы қаласы Әдiлет департаментінде 2020 жылғы 12 қазанда № 1647 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 55-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы "Ардагерлер туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, VI сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ленинград қаласындағы қоршау кезеңінде қаланың кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған Алматы қаласында тұратын азаматтарға Санкт-Петербург қаласына баруға кететін шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік көмек (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) белгіленсін.

      2. Әлеуметтік көмек осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген тұлғаларға жыл сайын Санкт-Петербург қаласына әуе немесе темір жол көлігі арқылы барып-келу құны толық мөлшерде екінші деңгейдегі банктердегі олардың ағымдағы шоттарына аудару жолымен көрсетіледі.

      3. Осы шешімнің 1-тармағында көрсетілген тұлғалар әлеуметтік көмек алу үшін Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасына келесі құжаттармен бірге өтініш береді:

      1) өтініш иесінің жеке сәйкестендіру нөмірі бар жеке басын куәландыратын құжатының көшірмесі;

      2) "Ленинградты қорғағаны үшін" медалі немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісі куәліктерінің көшірмесі;

      3) жол жүру құнын растайтын билеттер;

      4) ағымдағы банк шотын ашқаны туралы мәліметтер.

      4. Алматы қаласы мәслихатының 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 82 "Қоршаудағы кезеңінде Ленинград қаласының кәсіпорындарында, мекемелері мен ұйымдарында жұмыс істеген және "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен әрі "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған Алматы қаласында тұратын азаматтарға Санкт-Петербург қаласына баруға кететін шығындарды өтеуге арналған әлеуметтік көмек туралы" шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 960 болып тіркелген, 2013 жылғы 17 қаңтарда "Алматы ақшамы" газетінде және 2013 жылғы 19 қаңтарда "Вечерний Алматы" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      5. Алматы қаласы Мәслихатының аппараты осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.

      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алматы қаласы мәслихатының еңбек, жұмыспен қамту және көлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Р.К. Бадаеваға жүктелсін.

      7. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының
LXVIII сессиясының төрағасы
С. Козлов
      VI сайланған Алматы қаласы мәслихатының хатшысы К. Казанбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады