"Солтүстік Қазақстан облысы бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 қарашадағы № 459 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 8 шілдедегі № 184 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 9 шілдеде № 6443 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 2-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 қарашадағы № 459 қаулысының (2016 жылғы 2 ақпанда "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттык-құқықтық жүйесінде жарияланды, Нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 3529 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

      2. Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі мыналарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) осы қаулыны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облыс әкімінің жетекшілік ететін мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының
әкімі
К. Аксакалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады