"Айыртау ауданы бойынша жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 6-18-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 6-41-2 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 сәуірде № 6232 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 7-бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 26-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Айыртау ауданы бойынша жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы" Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау аудандық мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі №6-18-4 шешіміне (2018 жылғы 4 мамырдағы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілердің эталондық бақылау электрондық түрдегі банкінде жарияланған, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4695 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:

      "Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелері туралы";

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда баяндалсын:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі-Кодекс) 509-бабының 5-тармағына, 510-бабының 1-тармағына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      2-тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:

      "2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге осы Кодекстің 503-бабында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын.";

      2. Осы шешім ресми жариялануы тиіс және 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау аудандық мәслихаты
XLI сессиясының төрағасы
Б.Кусаинов
      Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау аудандық
мәслихатының хатшысы
Б.Жанахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады