2021 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік амсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы мәслихатының 2020 жылғы 22 желтоқсандағы № 71-1 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 25 желтоқсанда № 6857 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 8, 9-тармақтарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін айқындау туралы" қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2021 жылы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне көрсетілсін:

      1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдемақы;

      2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау - бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік кредит.

      2. Осы шешімнің 1-тармағының күші ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын ветеринария пункттерінің ветеринария мамандарына да қолданылады.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы
мәслихатының сессиясының төрағасы
И. Шаймерденов
      Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы
мәслихатының хатшысы
Е. Адильбеков

О предоставлении в 2021 году подъемного пособия и социальной поддержки для приобретения или строительства жилья специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сельских округов прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района имени Габита Мусрепова

Решение маслихата района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области от 22 декабря 2020 года № 71-1. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 25 декабря 2020 года № 6857

      В соответствии с подпунктом 15) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", пунктами 8, 9 статьи 18 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", постановлением Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2009 года № 183 "Об определении размеров предоставления мер социальной поддержки специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сел, поселков, сельских округов, прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты", маслихат района имени Габита Мусрепова Северо-Казахстанской области РЕШИЛ:

      1. Предоставить специалистам в области здравоохранения, образования, социального обеспечения, культуры, спорта и агропромышленного комплекса, государственным служащим аппаратов акимов сельских округов прибывшим для работы и проживания в сельские населенные пункты района имени Габита Мусрепова в 2021 году:

      1) подъемное пособие в сумме, равной стократному месячному расчетному показателю;

      2) социальную поддержку для приобретения или строительства жилья – бюджетный кредит в сумме, не превышающей одну тысячу пятисоткратного размера месячного расчетного показателя.

      2. Действие пункта 1 настоящего решения распространяется также на ветеринарных специалистов ветеринарных пунктов, осуществляющих деятельность в области ветеринарии.

      3. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после его первого официального опубликования, и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 января 2021 года.

      Председатель сессии маслихата
района имени Габита Мусрепова
Северо-Казахстанской области
И. Шаймерденов
      Секретарь маслихата
района имени Габита Мусрепова
Северо-Казахстанской области
Е. Адильбеков