Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Виноградов ауылдық округінің Виноградовка ауылындағы атауы жоқ көшелерге атаулар беру туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Виноградов ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 12 ақпандағы № 3 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 12 ақпанда № 6003 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2018 жылғы 28 тамыздағы қорытындысы негізінде және Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Виноградовка ауылы халқының пікірін ескере отырып, Виноградов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса берілген схемалық картаға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Виноградов ауылдық округінің Виноградовка ауылындағы атауы жоқ көшелерге келесі атаулар берілсін:

      № 1 көшеге – Алтын дән көшесі;

      № 2 көшеге – Сәбит Мұқанов көшесі;

      № 3 көшеге – Жеңіс көшесі;

      № 4 көшеге – Жас өркен көшесі;

      № 5 көшеге – Есіл жолақ көшесі;

      № 6 көшеге – Бейбітшілік көшесі;

      № 7 көшеге – Астана көшесі;

      № 8 көшеге – Желтоқсан көшесі;

      № 9 көшеге – Қарағайлы көшесі.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысы
Қызылжар ауданы
Виноградов ауылдық
округінің әкімі
А.Есендыков

  Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Виноградов ауылдық округінің әкімі 2020 жылғы 12 ақпаны № 3 шешіміне қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Виноградов ауылдық округінің Виноградовка ауылындағы атаусыз көшелерге атаулар беру туралы схемалық карта

     


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады