Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 24 маусымдағы № 18 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 25 маусымда № 6390 болып тіркелді

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1-бабы 7) тармақшасына сәйкес, Уәлиханов ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың 2020 жылғы 1 маусымдағы №17-07/128 ұсынысы негізінде, Бидайық ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық ауылдық округі Өндіріс ауылында ірі қара малдың бруцеллезі бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бидайық ауылдық
округінің әкімі
Т. Куйшбаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады