Атырау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Атырау қалалық мәслихатының 2020 жылғы 5 ақпандағы № 473 шешімі. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 19 ақпанда № 4592 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы мәслихатының 18 қыркүйектегі 2020 жылғы № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Атырау қаласы мәслихатының 18.09.2020 № 531 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      "Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Респуликасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10-бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына сәйкес, Атырау қаласының Мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Атырау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары мен маршруттары 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Атырау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу тәртібі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      3. Атырау қаласы Мәслихатының:

      1) 2016 жылғы 28 наурыздағы № 13 "Атырау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртiбiн қосымша реттеу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 3484 санымен тіркелген, 2016 жылғы 6 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);

      2) 2019 жылғы 26 шілдедегі № 387 "Атырау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 28 наурыздағы № 13 "Атырау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртiбiн қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 4478 санымен тіркелген, 2019 жылғы 16 тамызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Атырау қаласы Мәслихатының әлеуметтік, құқық тәртібі және депутаттық өкілеттігі салалары бойынша тұрақты комиссиясына (С. Рахимова) жүктелсін.

      5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      LV сессия төрайымы Г. Дюсупова
      Атырау қаласы Мәслихатының хатшысы А. Зайдуллин

  Атырау қаласының Мәслихаты 2020 жылғы 5 ақпаны № 473 шешіміне 1 қосымша

Атырау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер және пикеттер өткізу орындары

Елді мекеннің атауы

Орын

1

Атырау қаласы

Әбілхайыр хан даңғылы, "Салтанат сарайы" ғимаратының алдында орналасқан Жұмекен Нәжімиденов ескерткішінің маңы

Атырау қаласында шерулер мен демонстрациялар өткізу маршруттары

Елді мекеннің атауы

Орын

1

Атырау қаласы

"Қаз Транс Ойл" акционерлік қоғамы Атырау мұнайқұбыры басқармасы ғимаратының алдынан бастап Нұрғиса Тілендиев көшесі бойымен "Жеңіс" саябағына дейін

  Атырау қаласының Мәслихаты 2020 жылғы 5 ақпаны № 473 шешіміне 2 қосымша

Атырау қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізуді қосымша реттеу тәртібі

      1. Бейбіт жиналыстарды, митингiлерді, шерулердi, пикеттердi немесе демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкілдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтауға мiндеттi.

      2. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:

      1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;

      2) елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;

      3) қаланың жергiлiктi атқарушы органдардың келісімінсіз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;

      4) шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына;

      5) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;

      6) өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы азаматтарға және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;

      7) алкогольдік және есірткілік масаң күйде қатысуға жол берілмейді.

      3. Бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер немесе демонстрациялар өткiзу орындарында:

      1) алкогольдік ішімдіктер ішуге, есірткілік заттар пайдалануға, психотроптық заттарды және олардың аналогтарын;

      2) транспаранттарды, ұрандарды, өзге де материалдарын (визуалды аудио/бейне) пайдалануға, қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмыстар жасауға көпшілік алдында сөйлеуге шақырған, сондай-ақ әлдебір кісінің атына қатысты тіл тигізуге жол берілмейді.

      4. Пикеттер өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.

      5. Пикеттер өткізілген кезде:

      1) пикет өткізілетін объектіде отыруға, тұруға;

      2) көрнекілік үгіт құралдарын пайдалануға;

      3) қысқа ұрандарды айғайлап айтуға, пикет тақырыбы туралы сөздер қозғауға рұқсат беріледі.

      6. Пикетті өзге нысанда митингіге, бейбіт жиналысқа, шеруге немесе демонстрацияға жалғастыру үшін заңда белгіленген тәртіп бойынша қаланың жергілікті атқарушы органынан рұқсат алу қажет.

      7. Қаланың жергілікті атқарушы органынан бейбіт жиналыс, митингі, шеру, пикет және демонстрациялар өткізу үшін бас тартылған жағдайда немесе оны өткізуге тыйым салу туралы шешім қабылданған болса, ұйымдастырушылар тез арада дайындық шараларын болдырмауға ықтимал қатысушыларды тиісті дәрежеде жария етудің шараларын қабылдайды.

      8. Егер бейбіт жиналысты, митингiнi, шерудi, пикетті немесе демонстрацияны өткiзудiң мақсаты Республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, оның тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұсқан келтіруге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру болса, сондай-ақ Конституцияның басқа да ережелері, заңдары және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік актілері бұзылса немесе азаматтардың қауіпсіздігіне және қоғамдық тәртіпке қауіп төнсе өткізуге жол берілмейді.

      Егер өтiнiш берiлмеген болса, тыйым салу туралы шешiм шығарылса, оларды өткiзу кезiнде тәртiп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн, қоғамдық тәртiп бұзылатын жағдайда бейбіт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар қаланың жергiлiктi атқарушы органы өкiлiнiң талап етуi бойынша сөзсiз тоқтатылуы тиіс.

      9. Қаланың жергiлiктi атқарушы органы өкiлiнiң заңды талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдарымен бейбіт жиналысты, митингiнi, шерудi, пикетті және демонстрацияны тоқтату жөнiнде қажеттi шаралар қолданады.

      10. Бейбіт жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.

      11. Бейбіт жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды өткiзу кезiнде оларға қатысушылардың тарапынан азаматтарға, қоғамдық бiрлестiктерге, мемлекетке келтiрген материалдық залалы үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген тәртiп бойынша өтелуге жатады.

      12. Бейбіт жиналыс, митинг, шеру, пикет және демонстрация өткiзiлетiн орында барлық қосымша туындаған шығындарды, соның ішінде қоғамдық тәртiптi сақтау, үй-жайлар беру, санитарлық тазарту, жарық беру және радиоландыруды оларды ұйымдастырушылармен өтеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады