"Махамбет ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидасын бекіту туралы" Махамбет аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 70 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Атырау облысы Махамбет аудандық әкімдігінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі № 204 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 18 қыркүйекте № 4729 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31, 37 баптарына және "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 26 бабына сәйкес Махамбет аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Махамбет ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидасын бекіту туралы" Махамбет аудандық әкімдігінің 2019 жылғы 17 сәуірдегі № 70 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4383 болып тіркелген, 2019 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1 қосымшасындағы сөздер мен схемалар алынып тасталсын: "Махамбет аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің "Алмалы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушыларды тасымалдайтын автобус маршруты".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Е. Аманшиеваға жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылдың 28 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.

      Махамбет ауданының әкімі Ж. Ахметов

О внесении изменения в постановление акимата Махамбетского района от 17 апреля 2019 года № 70 "Об утверждении схем и правил перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Махамбетского района"

Постановление акимата Махамбетского района Атырауской области от 14 сентября 2020 года № 204. Зарегистрировано Департаментом юстиции Атырауской области 18 сентября 2020 года № 4729

      В соответствии со статьями 31, 37 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан" и статьей 26 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" акимат Махамбетского района ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление акимата Махамбетского района от 17 апреля 2019 года № 70 "Об утверждении схем и правил перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Махамбетского района" (зарегистрированное в реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4383, опубликованное 23 апреля 2019 года в эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан) следующее изменение:

      в приложении 1 указанного постановления исключить слова и схему: "Маршрут автобуса для перевозки школьников коммунального государственного учреждения "Алмалинская средняя школа" государственного учреждения "Махамбетский районный отдел образования".

      2. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя акима района Аманшиеву С.Е.

      3. Настоящее постановление вступает в силу со дня государственной регистрации в органах юстиции и вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 28 января 2020 года.

      Аким Махамбетского района Ж. Ахметов