Жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы әкiмiнiң 2020 жылғы 2 мамырдағы № 3 шешімі. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 2 мамырда № 5590 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы әкімінің 2022 жылғы 8 сәуірдегі № 4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы әкімінің 08.04.2022 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 29 бабының 2 тармағына, "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 48 бабына және 50 бабының 2 тармағының 2) тармақшасына сәйкес, Түркістан облысының әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Түркістан облысының Мақтарал ауданында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Төтенше жағдайды жою басшысы болып Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Қ.Қ.Айтмұхаметов тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.

      3. "Түркістан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Түркістан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Түркістан облысының әкімі Ө. Шөкеев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады