Бәйдібек ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 80 қаулысы. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 10 сәуірде № 5557 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 468 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Бәйдiбек ауданы әкiмдiгiнiң 20.12.2020 № 468 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9 бабының 7), 8) тармақшаларына, 27 бабының 1 тармағының 2), 3) тармақшаларына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 "Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13898 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес Бәйдібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      3. Бәйдібек ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 19 сәуіріндегі № 102 "Бәйдібек ауданының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4984 болып тіркелген, 2019 жылғы 6 мамырында "Алғабас" газетінде және 2019 жылғы 04 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің этолондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      4. "Бәйдібек ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Бәйдібек ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Жанғазиевке жүктелсін.

      6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі Б. Танагузов

  Бәйдібек ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 9 сәуірдегі
№ 80 қаулысына 1-қосымша

Бәйдібек ауданында пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердің тізімдік саны)

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1

Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Ш.Уалиханов атындағы жалпы орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі

144

1

1

2

Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектеп" мемлекеттік коммуналдық мекемесі

134

1

1

3

Бәйдібек ауданы білім бөлімінің "Боралдай жалпы орта мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі

74

1

1

4

Бәйдібек аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Аудандық мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

158

1

1

 
  Бәйдібек ауданы әкімдігінің
2020 жылғы 9 сәуірдегі
№ 80 қаулысына 2-қосымша

Бәйдібек ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы

Ұйым атауы

Жұмыскерлердің тізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскер- лердің тізімдік санынан)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындары- ның саны

1

Бәйдібек аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Аудандық мәдениет үйі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

158

1

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады