Шектеу іс-шараларын алып тастау және Мақтаарал ауданының Мырзакент кенті әкімінің 2020 жылғы 23 қаңтардағы № 34 "Мақтаарал ауданының Мырзакент кенті, Шапағат көшесі № 24/1 үйдің ауласына шектеу іс-араларын белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының Мырзакент кенті әкiмiнiң 2020 жылғы 30 наурыздағы № 205 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 30 наурызда № 5532 болып тiркелдi

      "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 46-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Мақтаарал аудандық аумақтық инспекциясы басшысының 2020 жылғы 20 наурыздағы № 02-03/109 ұсынысы негізінде Мақтаарал ауданының Мырзакент кенті әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Иттің құтырық ауруының ошақтарын жоюға қатысты ветеринариялық іс-шаралар кешенінің жүргізілуіне байланысты Мақтаарал ауданының Мырзакент кенті, Шапағат көшесі № 24/1 үйдің ауласына шектеу іс-шаралары алып тасталсын.

      2. Мақтаарал ауданының Мырзакент кенті әкімінің 2020 жылғы 23 қаңтардағы № 34 "Мақтаарал ауданының Мырзакент кенті, Шапағат көшесі № 24/1 үйдің ауласына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5386 болып тіркелген, және 2020 жылғы 28 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. Мақтаарал ауданының "Мырзакент кенті әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Мақтаарал ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын қадағалауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Мырзакент кенті әкімі М. Бейсенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады