Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Түркістан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 2 қыркүйектегі № 349 шешiмi. Түркістан облысының Әдiлет департаментiнде 2020 жылғы 14 қыркүйекте № 5797 болып тiркелдi. Күші жойылды - Түркістан облысы Созақ аудандық мәслихатының 2021 жылғы 9 наурыздағы № 13 шешiмiмен

      Ескерту. Күші жойылды - Түркістан облысы Созақ аудандық мәслихатының 09.03.2021 № 13 шешiмiмен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Созақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Созақ аудандық мәслихатының 2020 жылғы 6 наурыздағы № 306 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5514 тіркелген, 2020 жылғы 31 наурызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электронды түрде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Созақ ауданының мәслихат аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімді "Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Түркістан облысының Әділет департаменті" Республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімді оны ресми жарияланғаннан кейін Созақ ауданының мәслихатының интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы І. Омар
      Аудандық мәслихат хатшысы Б. Байғараев

  Созақ аудандық
мәслихатының 2020 жылғы
2 қыркүйектегі № 349
шешімімен бекітілген

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы

      1. Осы Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 2-3 тармағына, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 6 мамырдағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес әзірленді және әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың тәртібін белгілейді.

      2. Әлеуметтік көмек Созақ ауданының аумағында тұрақты тұратын мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетіледі.

1. Жалпы ережелер

      3. Осы қағида пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкiмет" мемлекеттiк корпорациясы (бұдан әрi-уәкiлеттi ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк қызметтер көрсету, "бiр терезе" қағидаты бойынша мемлекеттiк қызметтер көрсетуге өтiнiштер қабылдау және көрсетiлетiн қызметтi алушыға олардың нәтижелерiн беру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттiк қызметтер көрсетудi қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) атаулы күндер - жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      3) арнайы комиссия - өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Созақ ауданы әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      4) ең төмен күнкөріс деңгейі - облыстағы статистикалық органдар есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      5) мереке күндері - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы - отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) өмірлік қиын жағдай - азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      8) уәкілетті орган - жергілікті бюджет есебінен қаржыландыратын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын ауданның халықты әлеуметтік қорғау саласындағы атқарушы органы;

      9) учаскелік комиссия - әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін аудан әкімінің шешімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері;

      11) отбасы мүшелерін (адамды) әлеуметтік бейімдеу олардың жеке мұқтаждығына байланысты Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Заңына сәйкес арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражаты есебінен қарастырылған әлеуметтік қолдаудың өзге де шараларын көздейді;

      12) отбасының жиынтық табысы - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі № 237-ө бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2009 жылғы 28 тамызда № 5757 болып тіркелген) Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу ережесіне сәйкес есептелетін, шартты ақшалай көмек тағайындауға жүгінген айдың алдындағы 3 айда ақшалай, сол сияқты заттай нысанда алынған табыстың жалпы сомасы;

      4. Осы қағиданың мақсаты үшін әлеуметтік көмек ретінде Созақ ауданы әкімдігінің мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі- алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай немесе заттай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      5. "Ардагерлер туралы" 2020 жылғы 6 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабында және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" 2005 жылғы 13 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабында көрсетілген адамдарға әлеуметтік көмек осы қағидада көзделген тәртіппен көрсетіледі.

      6. Әлеуметтік көмек бір рет және (немесе) мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетіледі.

      7. Әлеуметтік көмек мынадай мереке күндеріне ұсынылады:

      1) 15 ақпанда (Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні) оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде жіберілген әскери міндеттілер;

      - Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткізу үшін жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері;

      - Бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшілері;

      - Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілер;

      - Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

      - Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері;

      -Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары;

      2) 8 наурызда "Халықаралық әйелдер күнi" -көпбалалы аналарға, оның ішінде:

      "Алтын алқамен", "Күмiс алқамен" наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелi "Ана даңқы" ордендерiмен наградталғандарға;

      3) 26 сәуiрде (Чернобыль атом электр станциясындағы апатының құрбандарын еске алу күнi) – 1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың салдарларын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға;

      4) Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, ауыру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына; бейбіт уақытта әскери қызметті, арнаулы мемлекеттік органдарда қызметті өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына; қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларына; Чернобыль АЭС-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасыларына; сәуле ауруы салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль АЭС-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне белгіленген тәртіппен байланысты болған азаматтардың отбасыларына;

      5) 9 мамыр "Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні" мерекесіне:

      - Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне;

      - жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдарға;

      - жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілген адамдарға;

      - Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары және екінші рет некеге тұрмаған жесірлері, екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы);

      соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа санаттарына;

      - Ұлы отан соғысының қайтыс болған мүгедегінің немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетіндерді қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы);

      6) 29 тамызға "Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс қимыл күні"- Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға;

      7) Жаңа жылдық шыршаға-мүгедек балаларға;

      8. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Түркістан облысының әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау және әлеуметтік көмектің мөлшерлерін белгілеу тәртібі

      9. Әлеуметтік көмек мынадай санаттағы азаматтарға ұсынылады:

      1) жеке оңалту бағдарламасы бойынша мүгедектерге қол арбамен қамтамасыз етуге:

      серуендеуге арналған қоларбаға- біржолғы 62 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      бөлмеге арналған қоларбаға-біржолғы 55 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      мүгедек балаларға арналған қоларбаға-біржолғы 51 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) үйде оқып және тәрбиеленіп жатқан мүгедек балаларға- ай сайын 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру немесе жүйкесінің иммун тапшылығының синдромы ауруы медицина қызметкерлерінің және тұрмыстық көрсету саласы қызметкерлерінің кінәсінен болған адамдардың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге өтемақы және адам иммун тапшылығы вирусын жұқтырған балалары бар отбасыларына- ай сайын 24 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) созылмалы бүйрек жетімсіздігі ауруына шалдыққан мұқтаж азаматтарға- біржолғы 72 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) аз қамтамасыз етілген отбасыларды қолдау мақсатында үш ай мерзімге отбасыға ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      6) аз қамтамасыз етілген отбасыларға 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      7) 8 наурызда "Халықаралық әйелдер күнi" -көпбалалы аналарға, оның ішінде:

      "Алтын алқамен", "Күмiс алқамен" наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелi "Ана даңқы" ордендерiмен наградталған-біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      8) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға, зейнеткерлерге және мүгедектерге санаторий-курорттық емделуге жолдама алу үшін- біржолғы 46 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      9) 9 мамыр "Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне":

      1) Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне - біржолғы 16 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      2) бұрынғы КСР Одағының үкіметтік органдарының шешімдеріне сәйкес басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан Кеңес Армиясының, Әскери-Теңіз Флотының, Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің әскери қызметшілері, бұрынғы КСР Одағы Ішкі істер министрлігінің басшы және қатардағы құрамының адамдары (әскери мамандар мен кеңесшілерді қоса алғанда) - біржолғы 6,19 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      3) Оқу жиындарына шақырылған және Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде жіберілген әскери міндеттілер - біржолғы 6,19 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      4) Ауғанстанға ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезеңде осы елге жүк жеткізу үшін жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері - біржолғы 6,19 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      5) Бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмалармен ұшқан ұшу құрамының әскери қызметшілері - біржолғы 6,19 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      6) Ауғанстандағы кеңестік әскери контингентке қызмет көрсеткен, жарақат, контузия алған немесе мертіккен не ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған жұмысшылар мен қызметшілер - біржолғы 6,19 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      7) Тәжікстан-Ауғанстан учаскесінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі мемлекетаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес міндеттерін орындаған Қазақстан Республикасының әскери қызметшілері-біржолғы 4,8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      8) Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне - біржолғы 4,8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      9) Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер, сондай-ақ бұрынғы КСР Одағы ішкі істер және мемлекеттік қауіпсіздік органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары– біржолғы 4,8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      10) 1988-1989 жылдары Чернобыль атом электр станциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысушылар қатарындағы, қоныс аудару күні құрсақта болған балаларды қоса алғанда, оқшаулау және көшіру аймақтарынан Қазақстан Республикасына қоныс аударылған (өз еркімен кеткен) адамдарға – біржолғы 4,8 айлық есептік көрсеткіш;

      11) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларға теңестірілген адамдарға –біржолғы 6,19 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      12) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы мүгедектеріне теңестірілген адамдарға- біржолғы 7,55 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      13) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің ата-аналары және екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне –біржолғы 4,48 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      14) Ауғанстандағы немесе соғыс қимылдары жүргізілген басқа да мемлекеттердегі соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, ауыру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына; бейбіт уақытта әскери қызметті, арнаулы мемлекеттік органдарда қызметті өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына; қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларына; Чернобыль АЭС-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың салдарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасыларына; сәуле ауруы салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль АЭС-тағы апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың және ядролық сынақтардың әсеріне белгіленген тәртіппен байланысты болған азаматтардың отбасыларына – біржолғы 4,59 айлық есептік көрсеткіш;

      15) Ұлы Отан соғысының қайтыс болған мүгедегінің немесе жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамның екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы), сондай-ақ жалпы ауруға шалдығу, жұмыста мертігу және де басқа да себептер (құқыққа қайшы келетіндерді қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған, Ұлы Отан соғысының қайтыс болған қатысушысының, партизанның, астыртын әрекет етушінің, "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен немесе "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен наградталған азаматтың екінші рет некеге тұрмаған зайыбы (жұбайы) - біржолғы 2,56 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      16) Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі Еңбек Даңқы ордендерінің иегерлеріне, "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ие болған адамдарға – біржолғы 138,63 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      17) "Халық қаhарманы" атағына ие болған адамдарға – біржолғы 138,63 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      18) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ мемлекеттік наградалармен наградталмаған, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы кезеңде кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет атқарған) адамдарға –біржолғы 2,13 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      10) 29 тамызға "Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күні" - Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға - біржолғы 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      11) Жаңа жылдық шыршаға-мүгедек балаларға - біржолғы 3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      12) күтім көрсетуге мұқтаж сексен жастан асқан қарттарға, жол жүрумен байланысты шығындарын өтеуге- біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

      13) "Қамқорлық" бағдарламасын іске асыру мақсатында:

      Жергілікті өкілді органдар ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады.

      Жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен аз қамтамасыз етілген отбасыларға көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшері айына отбасының әрбір мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын құрайды.

      Әлеуметтік көмек ай сайын немесе 3 айға бір рет төленеді. Әлеуметтік көмектің біржолғы төлемі комиссиямен келісім бойынша жүргізіледі және тек қана әлеуметтік келісім-шарт бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты іс-шараларға, жеке қосалқы шаруашылықты дамытуға (үй малын, құсын сатып алуға және т.б), тұрғын үй сатып алуға және жөндеуге, жеке кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруға (алдыңғы қарыздарды өтеуге арналған шығындардан басқа) пайдаланылады.

      14) жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедектерге 100 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне дейін;

      15) мамандандырылған туберкулезге қарсы медициналық ұйымнан шығарылған, туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдарға- ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:

      Табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде азаматтар бір ай мерзім ішінде әлеуметтік көмекке өтініш білдіруі қажет.

      Бұл ретте азаматтарды өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мына құжаттар негіз болады:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздемелер;

      2) табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкiне зиян келтiру не әлеуметтiк мәнi бар аурулардың болуы;

      3) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөрiс деңгейiне еселiк қатынаста алпыс пайызынан аспайтын табыстың болуы.

      Азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу және адамның (отбасының) материалдық-тұрмыстық жағдайына тексеру жүргізу үшін негіздемелердің түпкілікті тізбесін Созақ аудандық мәслихаты бекітеді.

      Арнайы комиссиялар әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарған кезде жергiлiктi өкiлдi органдар бекiткен азаматтарды мұқтаждар санатына жатқызу үшiн негiздемелер тiзбесiн басшылыққа алады.

      10. Алушылардың жекелеген санаттары үшін атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмектің мөлшері Түркістан облысы әкімдігінің келісімі бойынша бірынғай мөлшерде белгіленеді.

      11. Әрбiр жекелеген жағдайда көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек мөлшерiн арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындыда көрсетедi.

3. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі

      12. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Созақ аудандық әкімдігі бекітетін тізім бойынша көрсетіледі.

      13. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінің немесе отбасының атынан уәкілетті органға немесе кент, ауылдық округтің әкіміне өтінішке қоса мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) жеке басын куәландыратын құжаты;

      2) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекiтiлген Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларға (одан әрi Үлгілік қағидалар1-қосымшаға сәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәлiметтердi;

      3) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтерді;

      4) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын актіні және/немесе құжатын.

      14. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларды және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      15. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      16. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекiтiлген Әлеуметтiк көмек көрсетудiң, оның мөлшерлерiн белгiлеудiң және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тiзбесiн айқындаудың үлгiлiк қағидаларға (одан әрi Үлгiлiк қағидалар) 23 қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      17. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспеген жағдайда уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін қажетті мәліметтерді тиісті органдардан сұратады.

      18. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмаған жағдайда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.

      19. Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі учаскелік комиссиядан құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      20. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.

      21. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Осы қағиданың 17 және 18- тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      22. Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қабылданған шешім туралы (бас тартқан жағдайда - негіздемесін көрсете отырып) өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді.

      23. Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

      1) өтініш беруші ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталғанда;

      2) өтініш беруші адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізуден бас тартқан, жалтарған;

      3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін аудандық мәслихат белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

      24. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру Созақ ауданы бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтару үшін негіздемелер

      25. Әлеуметтік көмек:

      1) алушы қайтыс болған;

      2) алушы тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

      3) алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға жіберген;

      4) алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда тоқтатылады.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      26. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.

5. Қорытынды ереже

      27. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті орган "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып жүргізеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады