Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 17 наурыздағы № 85 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 27 наурызда № 6814 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 25 қарашадағы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының 1- бабы 31-тармағының 16) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      2. Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы әкімі Д. Ахметов

  2020 жылғы 17 наурызы № 85
Қаулысына қосымша

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 186 "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4130 болып тіркелген, 2015 жылғы 30 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 22 қыркүйектегі "Дидар", 2015 жылғы 21 қыркүйектегі "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      2. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 287 "Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4248 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 15 қаңтардағы "Дидар", 2016 жылғы 14 қаңтардағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      3. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 288 "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4249 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2015 жылғы 14 желтоқсандағы "Дидар", 2015 жылғы 23 желтоқсандағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      4. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 108 "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 288 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4551 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 1 маусымда электрондық түрде, 2016 жылғы 9 маусымдағы "Дидар", 2016 жылғы 9 маусымдағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      5. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 109 "Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 287 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4534 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 12 мамырда электрондық түрде, 2016 жылғы 30 мамырдағы "Дидар", 2016 жылғы 28 мамырдағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      6. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 110 "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 186 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4549 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 1 маусымда электрондық түрде, 2016 жылғы 14 маусымдағы "Дидар", 2016 жылғы 14 маусымдағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      7. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 6 маусымдағы № 162 "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4596 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 18 шілдеде электрондық түрде, 2016 жылғы 23 шілдедегі "Дидар", 2016 жылғы 23 шілдедегі "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      8. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 9 қарашадағы № 342 "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 186 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4767 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 21 желтоқсанда электрондық түрде, 2016 жылғы 27 желтоқсандағы "Дидар", 2016 жылғы 27 желтоқсандағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      9. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 16 қаңтардағы № 12 "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 288 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4888 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 28 ақпанда электрондық түрде, 2017 жылғы 4 наурыздағы "Дидар", 2017 жылғы 4 наурыздағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      10. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 5 желтоқсандағы № 325 "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 186 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5350 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 10 қантарда электрондық түрде, 2018 жылғы 9 қаңтардағы "Дидар", 2018 жылғы 9 қаңтардағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      11. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 5 желтоқсандағы № 326 "Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 6 маусымдағы № 162 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5351 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 4 қантарда электрондық түрде, 2018 жылғы 9 қаңтардағы "Дидар", 2018 жылғы 9 қаңтардағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      12. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 353 "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5398 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 17 қантарда электрондық түрде, 2018 жылғы 23 қаңтардағы "Дидар", 2018 жылғы 23 қаңтардағы "Рудный Алтай" газеттерінде, жарияланған).

      13. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 25 мамырдағы № 151 "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 186 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5650 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 27 маусымда электрондық түрде, 2018 жылғы 14 шілдедегі "Дидар", 2018 жылғы 14 шілдедегі "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      14. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2018 жылғы 25 қыркүйектегі № 283 "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 353 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5684 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 6 қарашада электрондық түрде, 2018 жылғы 1 қарашадағы "Дидар", 2018 жылғы 1 қарашадағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      15. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 8 сәуірдегі № 98 "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 186 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5842 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 18 сәуірде электрондық түрде, 2019 жылғы 20 сәуірдегі "Дидар", 2019 жылғы 20 сәуірдегі "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      16. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 мамырдағы № 135 "Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 287 "Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5909 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 16 мамырда электрондық түрде, 2019 жылғы 25 мамырдағы "Дидар", 2019 жылғы 25 мамырдағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      17. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 2 мамырдағы № 136 "Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 288 "Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5914 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 16 мамырда электрондық түрде, 2019 жылғы 28 мамырдағы "Дидар", 2019 жылғы 28 мамырдағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      18. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 7 қазандағы № 340 "Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі № 186 "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына және Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 6 маусымдағы № 162 "Эскизді (эскиздік жобаны) келісу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 6206 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 24 қазанда электрондық түрде, 2019 жылғы 26 қазандағы "Дидар", 2019 жылғы 26 қазандағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      19. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 30 қазандағы № 379 "Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 6247 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 8 қарашада электрондық түрде, 2019 жылғы 19 қарашадағы "Дидар", 2019 жылғы 19 қарашадағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

      20. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 7 қарашадағы № 389 "Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 353 "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 6269 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2019 жылғы 15 қарашада электрондық түрде, 2019 жылғы 19 қарашадағы "Дидар", 2019 жылғы 19 қарашадағы "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады