"Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" Бородулиха аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 наурыздағы № 41-6-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2020 жылғы 31 наурыздағы № 47-8-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 13 сәуірде № 6879 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 шілдедегі № 51-10-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 03.07.2020 № 51-10-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Бородулиха аудандық мәслихатының 2016 жылғы 18 наурыздағы № 41-6-V "Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4473 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде 2016 жылғы 13 сәуірде, "Аудан тынысы", "Пульс района" аудандық газеттерінде 2016 жылғы 15 сәуірде жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеуде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Митингiлер және жиналыстар өткізілетін орындар:

      Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Достық көшесі, 217 "Бородулиха аудандық мәдениет бөлімінің Мәдениет үйі" КМҚК ғимаратының алдындағы алаң;

      Бородулиха ауданы, Бородулиха ауылы, Молодежная көшесі, 25 "ШҚО Бородулиха ауданының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" ММ ғимаратының алдындағы алаң.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы А. Кудушев
      Аудандық мәслихат хатшысы У. Майжанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады