"2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" Бородулиха аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 45-5-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 сәуірдегі № 48-2-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 29 сәуірде № 7029 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 50-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "2020-2022 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" Бородулиха аудандық мәслихатының 2019 жылғы 25 желтоқсандағы № 45-5-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6500 нөмірімен тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі Эталондық бақылау банкінде 2020 жылғы 16 қантарда жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына сәйкес азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға бюджет қаражаты есебiнен қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер ескерілсін.

      Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша жергiлiктi атқарушы орган айқындайды.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы, аудандық мәслихат хатшысы У. Майжанов

О внесении изменения в решение Бородулихинского районного маслихата от 25 декабря 2019 года № 45-5-VI "О районном бюджете на 2020-2022 годы"

Решение маслихата Бородулихинского района Восточно-Казахстанской области от 20 апреля 2020 года № 48-2-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 29 апреля 2020 года № 7029

      Примечание ИЗПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с пунктом 2 статьи 50 Закона Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах", подпунктом 1) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", Бородулихинский районный маслихат РЕШИЛ:

      1. Внести в решение Бородулихинского районного маслихата от 25 декабря 2019 года № 45-5-VI "О районном бюджете на 2020-2022 годы" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 6500, опубликовано в Эталонном контрольном банке Республики Казахстан в электронном виде 16 января 2020 года) следующее изменение:

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. В соответствии с пунктом 9 статьи 139 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года предусмотреть специалистам в области социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности за счет бюджетных средств повышенные не менее чем на двадцать пять процентов должностные оклады и тарифные ставки по сравнению с окладами и ставками гражданских служащих, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях.

      Перечень должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры и спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности, определяется местным исполнительным органом по согласованию с местным представительным органом.".

      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Председатель сессии, секретарь районного маслихата У. Майжанов