"2020-2022 жылдарға арналған Алтай ауданының аудандық бюджеті туралы" Алтай ауданының мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 60/2-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 65/2-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 16 сәуірде № 6930 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы № 76/2-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы мәслихатының 23.12.2020 № 76/2-VI шешімімен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106, 109 - баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "2020-2022 жылдарға арналған Алтай ауданының аудандық бюджеті туралы" Алтай ауданының мәслихатының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 60/2- VI шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 6471 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2020 жылғы 10 қаңтарда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      6- тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139 - бабының 9 - тармағына сәйкес, азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария саласындағы мамандарға, бюджет қаражаты есебiнен қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын азаматтық қызметшiлердiң айлықақыларымен және мөлшерлемелерімен салыстырғанда кемiнде жиырма бес пайызға жоғарылатылған лауазымдық айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер қарастырылсын.

      Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт, ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн жергiлiктi өкiлдi органмен келiсу бойынша жергiлiктi атқарушы орган айқындайды.".

      2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Л. Попова
      Алтай ауданының мәслихат хатшысы Л. Гречушникова

О внесении изменения в решение маслихата района Алтай от 27 декабря 2019 года № 60/2-VI "О районном бюджете района Алтай на 2020-2022 годы"

Решение маслихата района Алтай Восточно-Казахстанской области от 16 апреля 2020 года № 65/2-VI. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 16 апреля 2020 года № 6930. Утратило силу решением маслихата района Алтай Восточно-Казахстанской области от 23 декабря 2020 года № 76/2-VI

      Сноска. Утратило силу решением маслихата района Алтай Восточно-Казахстанской области от 23.12.2020 № 76/2-VI (вводится в действие с 01.01.2021).
      Примечание ИЗПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьями 106, 109 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, подпунктом 1) пункта 1 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", маслихат района Алтай РЕШИЛ:

      1. Внести в решение маслихата района Алтай от 27 декабря 2019 года № 60/2-VI "О районном бюджете района Алтай на 2020-2022 годы" (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 6471, опубликовано в Эталонном контрольном банке нормативных правовых актов Республики Казахстан в электронном виде 10 января 2020 года) следующее изменение:

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. В соответствии с пунктом 9 статьи 139 Трудового кодекса Республики Казахстан от 23 ноября 2015 года, предусмотреть специалистам в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности, по решению местных представительных органов за счет бюджетных средств, повышение на двадцать пять процентов должностных окладов и тарифных ставок, по сравнению с окладами и ставками гражданских служащих, занимающихся этими видами деятельности в городских условиях.

      Перечень должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта, ветеринарии, являющимся гражданскими служащими и работающим в сельской местности, определяется местным исполнительным органом по согласованию с местным представительным органом.".

      2. Настоящее решение вводится в действие с 1 января 2020 года.

      Председатель сессии Л. Попова
      Секретарь маслихата района Алтай Л. Гречушникова