Шектеу іс-шараларын тоқтату Қалжыр ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 8 қаңтарындағы № 1 "Күршім ауданы Қалжыр ауылдық округінің Қалжыр ауылына шектеу іс шараларын белгілеу туралы" шешімнің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалжыр ауылдық округі әкімінің 2020 жылғы 15 мамырдағы № 4 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2020 жылғы 15 мамырда № 7090 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабының 2 тармағының 4) тармақшасына сәйкес және "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылық Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Күршім аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2020 жылдың 30 наурыздағы № 201 ұсынысы негізінде, Қалжыр ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:

      1. Күршім ауданының Қалжыр ауылдық округінің Қалжыр ауылына ірі қара мүйізді малына сарып ауруынан Республикалық бюджеті есебінен жүргізілген сауықтыру жұмыстары қанағаттанарлық нәтиже көрсетуіне байланысты шектеу іс-шаралары тоқтатылсын.

      2. Қалжыр ауылдық округі әкімінің 2019 жылғы 8 қаңтарындағы № 1 "Күршім ауданы Қалжыр ауылдық округі Қалжыр ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2019 жылғы 10 қаңтарда № 5-14-191 болып тіркелінген, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2019 жылы 13 қаңтарда жарияланған) шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3. "Қалжыр ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің аумақтық әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы шешімнің мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Күршім ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Күршім ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.

      5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалжыр ауылдық округінің әкімі Б. Мукушев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады